9 Шілде, 14:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қаңтар қасіреті: Назарбаев президент тағында тағы үш жыл отырғысы келген

21 Желтоқсан 2022 17:11
- Жаңалықтар, Қоғам
Қаңтар қасіреті: Назарбаев президент тағында тағы үш жыл отырғысы келген
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 21 желтоқсан. Ресей астанасында Леонид Млечиннің «Трагический январь. Президент Токаев и извлечение уроков» деген кітабының таныстырылу рәсімі болды. Бұл туралы Informburo.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресейлік белгілі журналист және жазушы Леонид Млечин өзінің кітабында қаңтар оқиғасының алдында қазіргі іс басындағы президентті орнынан ығыстырғаны үшін Кәрім Мәсімовке премьер-министрдің орынтағын беруге уәде етілгенін баяндайды.

Кітап авторы Қазақстан президентінің Қаңтар қасіретінен тиісті сабақ алғанын, сондықтан оның «елді оқшаулап ұстап, өзінің жеке диктатурасын орнатуға кіріспегенін» атап өтеді. Оның сөзінше, мемлекет басшысы теңдессіз демократиялық реформаларға бет бұрып, жеңілдіктердің бәрінен бас тартқан, парламент пен азаматтық қоғамның рөлдерін арттыруға күш салған.

«Орталық Азияда бұрын-соңды орын алмаған оқиға: тап Қазақстанда халықпен жеті жылдық мерзімге келісімге отырған президент пайда болды. Хан да, сұлтан да емес, жалдамалы менеджер. Тоқаев өзіне сол кезде Назарбаевтың: «Сені отыз жылдан бері білуші едім, бірақ сені осындай іс-әрекеттер жасауға қабілетті деп ойламаппын» дегенін де маған айтып берді», – делінген кітапта.

Автор өз кітабында сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың қаңтар қырғыны алдындағы басты жоспары президент тағына тағы үш жылға келу, содан соң орнына өзіне ыңғайы келетін адамды қойып кету болғанын ашық жазады. Ол іс басындағы президент Қасым-Жомарт Тоқаевты орнынан ығыстырып шығарғаны үшін ҰҚК-ның сол кездегі басшысы Кәрім Мәсімовке шектеусіз өкілеттігі бар премьер-министр қызметін әперуге уәде берген, деп жазады Млечин.

«Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәми мазмұны Елбасы институты дегеннің елдегі жоғарғы билік органының өзі екенін айғақтайтынын атап көрсеткен мақала жариялады. Осыған орай президенттен аятолласы жоғары тұратын Иран моделін Қазақстан мемлекеттік билігіне енгізу жөнінде де сөз қозғалды. Сол тұста Біріккен Араб Әмірлігі, Оман, Сауд Арабиясы секілді елдердің тәжірибелері негізінде монархия құру идеясы да туындады. Ақырында осы модель билік құрылымдарында талқылана бастайды, бірақ сол уақыттарда Тоқаев: «Бүкіл әлем бізге күлетін болады» деп, Елбасыны мұндай идеядан бас тартуға көндіріпті», – деп әңгімелейді Млечин өз кітабында.

Автор бұдан әрі Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаевтың араларында кімнің қолында қандай билік болуы керектігі жөнін талқылаған диалог орын алғанын айтады.

«Тоқаев, шамасы, бірінші президентке: «Нұрсұлтан Әбішұлы, биліктің жайын шешіп алуымыз қажет, қазіргі аумалы-төкпелі белгісіздік жағдайы ел үшін өте-мөте қауіпті» деген сияқты. Сол кезде тәжірибесі мол әккі Назарбаев: «Менің міндетім – саған көмектесу, мен сенің табысқа жеткеніңе мүдделімін ғой» деп әзілге бұрып жібереді», – деп жазылған кітапта.

Леонид Млечин Қазақстан президентінің шешімталдығы мен салқынқандылығы Қаңтар қасіретінің тағдырын анықтап бергенін атап көрсетеді. Былайша айтқанда, осының арқасында халық толқуына орта жолдан пасық және арам мақсатпен қосылған бүлікшілердің жоспарлары жүзеге аспай қалған.

«Тоқаев күштік құрылымның адамы емес, ол – дипломат, интеллигент, интеллектуал. Ол маған сол бір қысталаң сәтте өзіне «жағдайдың қиындығы сондай, қазір ең бастысы – сіздің өміріңізді сақтап қалу» дегенді айтып келгендердің болғанын жеткізді. Арнайы ұшаққа май құйылып қойылған, жеке күзет сізбен бірге болады… Ұшақта жүк бар – 25 млн доллар, былайша, сіздің жақын арадағы шығындарыңыз үшін. Қайда ұшып барғыңыз келеді? Осылай дескендер президенттің дереу ұшып кететініне титтей де күмәнданған жоқ еді», – делінген кітапта.

Осы ретте Млечин президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бар ынта-ықыласы Қазақстанды құтқарып қалуға ауғанын баяндайды.

«Қазақстан президентінің шешуші қаңтар күндерінде халыққа арнаған үндеуінде «Мен орнымда қаламын» деген сөз үкімдей болып естілді. Бірақ жұрттың көбі президенттің мұны неге айтқанын ұқпай қалды. Ал бұл сөздер билікті басып алу ниеттерінде болған және мемлекет басшысынан құтылғылары келген ат төбеліндей топқа арналып айтылған еді», – деп жазады автор.

Кеше Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Леонид Млечиннің «Трагический январь. Президент Токаев и извлечение уроков» атты кітабының тұсаукесері болып өтті. Оның ашылу рәсімінде Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Ермек Көшербаев келушілерге 2022 жыл миллиондаған қазақстандықтар үшін әдеттегідей өмір салтын өзгерткен, олардың өмірін «бұрын» және «кейін» деп бөлген оқиғалармен есте қалғанын айтты.

«Біз еліміздің тәуелсіз даму тарихындағы аса қайғылы сәтті бастан өткердік. Шын мәнінде, республиканың мемлекеттілігі мен егемендігіне қатер төнді», – деді Ермек Көшербаев.

Дипломатиялық өкілдік басшысының айтуынша, соңғы айларда БАҚ пен блогосферада көптеген мақалалар мен жарияланымдар шыққан, бірақ шын мәнінде қаңтардағы оқиғалардың себептері мен жағдайларын терең түсінуге әрекет болмаған. Бұл олқылықты өзінің зерттеуінде әйгілі ресейлік журналист, публицист Леонид Млечин толтыруға тырысқан.

«Кітапты жазу кезінде автор Қазақстанға барып, тікелей куәгерлермен, оқиғаларға қатысушылармен жеке кездескен, құжаттарды зерттеп, болған оқиғаның айқын бейнесін жасау үшін оқиға орындарын көрген. Оқырмандар кітаптан бұрын көпшілікке жарияланбаған көптеген фактілерді біле алады», – деді елші.

Өткен жылдың басында орын алған Қаңтар қасіреті бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді. Оның қорытындысы бойынша 1 113 адам сотталды, әлі 315 адам тергеуде жүр. Ал 238 адам қаза тапты.

Осы оқиғаны ұйымдастырушы ретінде айыпталушы Кәрім Мәсімов пен оның әріптестеріне қатысты тергеу әрекеттері аяқталып, қараша айында Астанада сот басталды. Іс «Өте құпия» грифі бойынша қаралуда.

 

Таңбалар: кітапҚаңтар қасіретіЛеонид МлечинНұрсұлтан Назарбаевтұсаукесер

Ұқсас мақалалар

«Сапарбаев тұлғасы» – елге қызмет етудің өнегелі жолы
Жаңалықтар

«Сапарбаев тұлғасы» – елге қызмет етудің өнегелі жолы

10.06.2026
Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оның көңілдестері жайлы кітап жазды
Әлеумет

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оның көңілдестері жайлы кітап жазды

31.05.2026
Медициналық қалта анықтамалығы сала мамандарына жол тартты
Жаңалықтар

Медициналық қалта анықтамалығы сала мамандарына жол тартты

18.03.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist