26 Тамыз, 02:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

ҚАЙЫР МЕН ТАЙЫР

(Қайрекеңді қайрау немесе Салаховпен салыстыру)

7 Тамыз 2025 10:17
- Жаңалықтар, Таным
ҚАЙЫР МЕН ТАЙЫР
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Осыдан жеті жыл бұрын Сыр бойына да, Қыр бойына да кең танымал арқалы ақын Шаһизада Әбдікәрімовпен бірге сырлы Стамбулға сапар шектік. Онымен жолға ілесе шығу дегенің… енді бір рахат! Өзі түрікше бес-алты сөз біледі. Бірақ сонысының өзі-ақ күллі түріктің тілін табуға молынан жарап жатыр. Әдепкіде біз «Quin otel» деген қонақ үйде тұрдық. Шәкең түрікшесін одан әрі түрлендіре түсіп, тынбай тілдескенінің арқасында сол маңайдан бірнеше дос тауып алды. Олар – саудагер Саид, кәсіпкер Уча, делдал Ділшат және суретші Жаһангир…

Айбарлы ақын олардың әрқайсысымен белгілі бір тақырып жөнінде сөйлеседі. Мәселен, дүкен ұстайтын Саидқа әлем әдебиетіндегі сауда-саттыққа бейімі бар ақындар жөнінде әңгімелейді, ұлты грузин Учаға қызу қанды халықтың бетке ұстарлары Нодар Думбадзе мен Вахтанг Кикабидзе туралы айтады, әзербайжан Ділшатқа Қап тауының тылсым сырларын жайып салады… Ал қылқалам шебері Жаһангирге Сыр бойының және қазақ жұртының талантты суретшісі Қайырбай Зәкіровтің туындыларын кеңінен таныстырады.

Ол жалғыз Қайрекеңді айтып қана қоймайды, әрине. Ұлағатына ұйып қалған Жаһангирдің жерлесі, Әзербайжанның атақты суретшісі, сол кезде жасы тоқсанға таяған Тайыр Салаховтың көрнекті картиналарын кәнігі өнертанушы секілді шеберлікпен талдайды. Бейнелеу өнері майталманының «Таң сәрідегі эшелон», «Апшерон әйелдері», «Айдан», «Каспий таңы» сияқты таңғажайып туындыларының өзіндік ерекшеліктерін жіліктеп бергенде «Осының өзі өлең жазудан қолы босағанда, сурет салып жүргеннен сау ма?», – деп күдіктене бастадық. Жаңа ғана Қайырбай ағасын Салаховпен салыстырып отырған сияқты еді. Бір қарасақ, Сыр суретшісінің беделін биіктетіп, Салаховты салақтатып төменде қалдырып кетіпті. Шәкеңнің ерекше екпінін көріп, жуасып қалған Жаһангир томпиып, үнсіз ғана тыңдап отыр.

Тайыр Салахов – КСРО халық суретшісі. Ресейдің де халық суретшісі. Социалистік Еңбек Ері. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Бүгінде арамызда жоқ. Осыдан үш жыл бұрын, тоқсан екі жасында дүние салды. Ұлылықтың үлгісі. Теңдессіз талант. Бәрібір Шаһизада ақын сол жолы Салаховқа серік қосты. Тайыр көкесін құрметтей тұра Қайыр көкесін де төмендеткісі келмеді.

Несі бар, жөн-ақ. Қайырбай Зәкіров – аса дарынды суретші. Сыршыл ақын. Ақын болғанда, ет пен терінің арасындағы желігі басылмаған өлермен өлеңші емес, төрт аяғын тең басып тұрған жорға жырды жүрегінен саулата білетін сөз сүлейі. «Суретші Қайыр – суреткер шайыр» дейміз мұндайда ұйқас қуалап… Оған гитараның құлағында ойнайтын өнерпаздығын, керемет әншілігін қосыңыз. Өлеңді өндіріп жазады. Әнді әрлеп айтады. Ендеше, баяғыда Шәкеңнің әспеттесе де, әсірелесе де, Салаховпен салыстырғаны бекер емес болар…

*  *  *

Қызылордада қызмет істеген жылдарымызда Қайрекеңмен жақынырақ араластық. Сырдың танымал ақын­дары Шаһизада Әбдікәрімов пен Дүйсенбек Аяшұлына еріп, Қайырбай Зәкіровтің шеберханасына жиі баратынбыз. Ақмешіттің Астана болған дәуірінен келе жатқан бұл тарихи ғимаратқа шайырларға ілесіп барғанның жақсы жағы көп. Жаны жұмбақ Қайырбай ағам ақын көрсе арқаланып кетеді. Арқасы қозып, ашыла түседі. Ана екеуі де ашылмасына қоймайды. Олай бір түрткілеп, бұлай бір түркілеп, атақты суретшінің ұйықтап жатқан  шабытын оятады. Содан көсіледі һәм есіледі Қайрекең. Екі жүйрік те екі жағынан қалмай еріп, жорғалайды да отырады. Шуағы мол шаңырақта сөз бен суреттің, өнер мен өлеңнің гармониясы салтанат құрады. Мұны тек көру керек!

Ал Қайрекеңнің әншілігі – өз алдына бір тақырып. Ол әңгіменің сүрлеуіне түссек, ұзаққа кетіп қалармыз. Әзірге ойымызды осы жерден күрмей тұрайық.

Бағана әлеуметтік желіде «Бүгін – Қайрекеңнің туған күні» деген сыңайдағы жылт етпе жаңалықтың жүйткіп бара жатқанын байқап қап, осы бір жолдарды еркімізден тыс төгіп-төгіп жіберіппіз. Құттықтаймыз, Қайырбай аға! Амандық тілейміз! Қылқаламыңыз берік, жыр-қаламыңыз серік бола берсін! Сырлы сазыңыз, әсерлі әуеніңіз, әдемі әуезіңіз әуелей түссін!

Бауыржан ОМАРҰЛЫ

2024 жыл

«Шағала» жинағынан

 

Таңбалар: Қайырбай ЗәкіровсуретшіТаир Салахов

Ұқсас мақалалар

Асқар Алтай. Бүкір (әңгіме)
Қазына

Асқар Алтай. Бүкір (әңгіме)

07.05.2025
Елімізге белгілі ерекше дарын Қайырбай Зәкіров өмірден өтті
Аймақ

Елімізге белгілі ерекше дарын Қайырбай Зәкіров өмірден өтті

30.12.2024
Назарбаевтың тұғырдан құлауы бейнеленген мүсіндері үшін суретші сөз естіген
Жаңалықтар

Назарбаевтың тұғырдан құлауы бейнеленген мүсіндері үшін суретші сөз естіген

03.02.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist