АСТАНА. 26 қыркүйек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республика Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізуді шұғыл міндет етіп алға қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Президент осыған орай арнайы комиссия құру жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Комиссия министрліктегі істердің жай-күйіне, оның ішінде әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы жағдайға кешенді тексеру жүргізеді.
Комиссия мына құрамда құрылды:
Балаева Аида Ғалымқызы – Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары, комиссия төрағасы;
Смайылов Әлихан Асханұлы – Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары;
Жиенбаев Ержан Нұрланұлы – Президент әкімшілігі басшысының орынбасары;
Элиманов Жанат Қалдыбекұлы – Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;
Баймұқашев Мұрат Қалибекұлы – Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы;
Тәкиев Мәди Төкешұлы – Қаржы министрі;
Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы – Бас прокуродың бірінші орынбасары;
Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары;
Әмрин Азамат Кемеңгерұлы – Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.
«Комиссия жүргізілген жұмыстың алғашқы нәтижелері туралы жеті күн ішінде баяндасын», – делінген Жарлықта.
Осы Өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.
USD




