25 Тамыз, 21:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Отбасының бір мүшесі – Қайрат Сатыбалды қамауға алынды

13 Наурыз 2022 20:43
- Жаңалықтар, Оқиға
Отбасының бір мүшесі – Қайрат Сатыбалды қамауға алынды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 13 наурыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Назарбаевтың баласы, яғни туған інісінің үлкен ұлы Қайрат Сатыбалдыны қамауға алды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Алдымен әлеуметтік желіде Қайрат Сатыбалдының қамауға алынып жатқан кезі түсірілген сурет тарады.

Күдіктінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша ұсталғаны мәлім болды.

Артынан Сыбайлас жемқорлық агенттігі фактіні растаған хабарлама жасады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуде. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы Сатыбалды ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», – делінген хабарламада.

Сонымен бірге, Қайрат Сатыбалдының мемлекет қауіпсіздігіне қаншалықты қатер келтіргені тексерілетіні айтылды. Бұл жердегі әңгіме қаңтар қырғынына «сақалдылардың» араласуына оның қаншалықты қатысы болғаны жөнінде болып отырған сияқты.

«Мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», – делінген агенттік хабарламасыда бұдан әрі.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддеміне сай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған қосатынымыз, Қайрат Сатыбалды Қазақстаннан кетіп қалмақ болып жатқан жерінде ұсталыпты. Оқиға бүгін сағат 17-00-де Алматы аэропортының ВИП-терминалында болған. Оны Антикордың орталық аппаратының  қызметкері тұтқындаған. Олар соңғы сәтке дейін операцияны өте құпия ұстаған. Сондықтан Алматы қалалық сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің жігіттері де оның кімге қатысты екенін білмеген.

Ол – қаңтар оқиғасынан кейін, соған қатысы бар деген күдікпен қамалып отырған Назарбаев әулетінің бірінші адамы.  Сең сөгілген сияқты. Шындықты ашудың кілті қолға түскен сыңайлы. Мұның алдында осы Қайраттың туған інісі Самат Әбішке қатысты әңгімелер де бекер шықпағанға ұқсайды.

Таңбалар: Қайрат Сатыбалды.қаңтар қырғынысодырлар

Ұқсас мақалалар

Қайрат Сатыбалды қамауда отырып-ақ Алматыда қонақ үй сатып алды
Дәулет

Қайрат Сатыбалды қамауда отырып-ақ Алматыда қонақ үй сатып алды

05.06.2023
Қайрат Сатыбалдының БАӘ-дегі $14 млн қаржысы қайтарылды  
Жаңалықтар

Қайрат Сатыбалдының БАӘ-дегі $14 млн қаржысы қайтарылды  

31.05.2023
Колонияда Қайрат Сатыбалдының «сындырылғаны» рас па?
Жаңалықтар

Колонияда Қайрат Сатыбалдының «сындырылғаны» рас па?

29.05.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist