25 Тамыз, 11:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Норвег Холанн дубль жасап, Бразилияны жарыс жолынан шығарып тастады

6 Шілде 2026 16:18
- Жаңалықтар, Сайыс
Норвег Холанн дубль жасап, Бразилияны жарыс жолынан шығарып тастады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

НЬЮ-ЙОРК. 6 шілде. Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанн Бразилия ұлттық командасы қақпасына екі гол салып, өз командасын ширек финалға шығарды. Бұл туралы «Спорт-Экспресс» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Норвегия 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Бразилияны 2:1 есебімен жеңді. Матч АҚШ-тағы «Нью-Йорк/Нью-Джерси Стэдиум» аренасында өтті.

Норвегтер сапынан Эрлинг Холанн дубль жасады, ол кездесудің 79 және 90-минуттарда мергендігімен көзге түсті. Ал бразилиялықтар 90+10 минутта ғана жауап қайтара алды. Қосымша уақыттың 10-минутында белгіленген пенальтиді Неймар салды. Ол алаңға 67-минутта ғана шыққан еді.

Бразилия құрамасында бірінші таймда бірінші болып есеп ашу мүмкіндігін жіберіп алды. Оны Бруно Гимараес дұрыс пайдалана алмады. Оның ұрған добын қақпашы қайтарды.

Сонымен, Норвегия жарыс жолын жалғастырды. Ол 12 шілде күні Астана уақыты бойынша сағат 02:00-де ойналатын ширек финалда Англиямен шайқасады.  Матч АҚШ-тың Флорида штатына қарасты Майами қаласындағы «Гарденс» стадионында ойналады.

Жасыратыны жоқ, кездесуде Бразилия көп шабуылдаса да, қақпаға тура соққы жасауда қарсыластарынан аса алмады, керісінше, норвегтердің жорықтары өткірлеу шығып жатты.

Осы матчтан кейін Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар өзінің ұлттық командадағы мансабын аяқтағанын жариялады.

«Мен тырысып бақтым, бірақ енді бәрі бітті», – деді ойын соңында көзіне жас алған 34 жастағы футболшы.

Неймар құрама сапында 130 ойынға қатысып, 80 гол соққан, 59 нәтижелі пас берген. Осылайша ол құрама тарихындағы ең көп гол соққан форвард атанған.

Ол 2016 жылы Олимпиада чемпионы болды, 2013 жылы Конфедерациялар Кубогын жеңіп алды, 2021 жылы Америка Кубогының күміс жүлдегері және 2012 жылы Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды.

Таңбалар: әлем чемпионатыБразилияНорвегия

Ұқсас мақалалар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды

24.08.2026
ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады
Жаңалықтар

ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады

22.07.2026
Англия мундиал қола медалі үшін таласта Францияны ту-талақай етіп ұтты (видео)
Жаңалықтар

Англия мундиал қола медалі үшін таласта Францияны ту-талақай етіп ұтты (видео)

19.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist