25 Тамыз, 16:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

New York Post: Ресей – өліп бара жатқан террорлық мемлекет

5 Шілде 2025 22:26
- Жаңалықтар, Тіршілік
New York Post: Ресей – өліп бара жатқан террорлық мемлекет
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

УАШИНГТОН. 5 шілде. АҚШ президентінің сүйікті газеті – New York Post Дональд Трампты Ресейді «өліп бара жатқан лаңкестік дәулет» деп атап, оны Украинаға көмектесуге шақырды. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

New York Post журналистерінің пайымынша, егер бұл соғыста Ресей жеңер болса, ол тек Мәскеу – Бейжің белтемірін нығайта түседі. Мұның өзі және АҚШ-тың халықаралық деңгейдегі беделіне қатты нұқсан келтіреді. Мәтбұғат сонымен бірге Уашингтонның одақтастарына деген сенімін әлсіретеді деп атап көрсетеді.

Белгілі болғанындай, Дональд Трамп сүйсініп оқитын АҚШ-тың ең ықпалды және консервативті газеттерінің бірі – New York Post Ақ үйдің иесіне ашық үндеу жолдаған.

Басылым өзінің редакциялық бағанында жарияланған мақалада мемлекет басшысын Украинаны қолдаудан бас тартпауға шақырып, Ресей диктаторы Владимир Путиннің тек күшті  мойындайтынын атап өтеді.

Журналистер президентке соғыстың созылуына Ресейдің агрессиялық саясаттан қайтпауы ғана нақты себеп болып қала беретінін еске салды. Сондықтан енді оның алдына түсіп, сипақтай берудің еш қажеті жоқ, оған тегеурінді қарсылық пен өзгеше өктемдік, батыл шешім мен қауқарлы қимыл ғана  керек.

Үндеу авторлары президент Трамптың Нидерландта көзіне жас алып тұрып, өз отбасы үшін қауіп қылатынын айтып берген украин журналисімен жүрек тебірентерлік әңгімесін еске сала отырып, Уашингтон неге оны мен басқа украин азаматтарын тағдырдың тәлкегіне тастап кеткісі келетінін білгілері келетіндерін алға тартады.

«Ресей – экономикасы қарқынды дамыған аса қуатты держава емес. Ол – өліп бара жатқан террорлық мемлекет», – делінген хабарламада.

Басылым сондай-ақ «Украинаға көмек көрсету АҚШ-тың мүдделеріне нұқсан келтіреді» деп мәлімдеген қарсыластардың уәждерін де сынға алды. Керісінше, Киевке әскери көмек көрсету Құрама Штаттардың қорғаныс өнеркәсібін дамытуға тікелей ықпал етеді, ал Украина өзіне жеткізілген қару-жарақтардың бір бөлігінің ақшасын Ресейдің қатырып тасталған активтері мен еуропалық гранттар есебінен төлейді.

Сарапшылар соғыстың нәтижесі жаһандық зор мәнге ие екенін атап көрсетеді. Егер бұл соғыста Ресей жеңіске жетсе, ол Мәскеу – Бейжің белдеуін күрт күшейтіп жіберіп, АҚШ-тың халықаралық одақтастарына деген сенімін әлсіретеді. Сондықтан Украинаға көмектесу арқылы Уашингтон Ресейді ғана емес, Қытайды да тырп еткізбей уысында ұстай алады.

Үндеуде президенттің басқа салалардағы табыстары да еске алынды. Соның ретінде кейін қабылданған заңдар, Жоғарғы сотта жеңіп алынған істер және Иранды тежеу ​​үшін шешуші қадамдар атап өтілді. Авторлар дәл осындай стратегияны Ресейге де батыл қолдануға шақырды, өйткені Кремль тек күшті ғана түсінеді, мықтыны ғана мойындайды, әлеуеттіден ғана қорқады.

Қорытындылай келе, редакторлар Трамптың бұдан бір күн бұрын Зеленськиймен Украинаның әуе қорғанысын нығайту мәселесін талқылаған әңгімесіне оң баға бере отырып, Сопақша кеңсе басшысын тағы да Украинаны барын салып қорғауға шақырды.

Бұған дейін мәлім болғанындай, Дональд Трамп осының алдында Украинаға Patriot керек екеніне келісіп, оған осындай жүйелерді тағы да жеткізуге рұқсат ектен еді.

Бұған қоса, АҚШ президенті Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізудің мүмкіндігі бар екенін баяндап, мұның себептері де жеткілікті екенін айтты.

Таңбалар: New York PostДональд Трампүндеу

Ұқсас мақалалар

Трамп Украинаға Patriot зымыранын жасауға лицензия беру жайын әлі шешпегенін айтты
Жаңалықтар

Трамп Украинаға Patriot зымыранын жасауға лицензия беру жайын әлі шешпегенін айтты

31.07.2026
WSJ: Трамп Путиннің соғыста жеңем деген уәдесінен шықпағанына ренжіді
Әлеумет

WSJ: Трамп Путиннің соғыста жеңем деген уәдесінен шықпағанына ренжіді

28.07.2026
Трамп: АҚШ Украинаға Patriot үшін зымыран шығаруға рұқсат береді
Жаңалықтар

Трамп: АҚШ Украинаға Patriot үшін зымыран шығаруға рұқсат береді

08.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist