6 Қыркүйек, 07:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Назарбаевтың Малайзиядағы экс-премьер құдасы 12 жылға сотталды

2 Тамыз 2020 09:28
- Жаңалықтар, Құқық
Назарбаевтың Малайзиядағы экс-премьер құдасы 12 жылға сотталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КУАЛА-ЛУМПУР. 2 тамыз. Малайзия соты елдің бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разакты мемлекеттік 1MDB инвестициялық қорының қаржысын ұрлауға байланысты жемқорлық ісі бойынша жүргізілген бірнеше сот процесінің бірінші шеңберінде 12 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы өзбектің CentralAsia сайты хабарлады.

Шілденің 28-і күні өткен соңғы сот отырысында судья экс-премьердің өз өкілеттілігіне асыра жүгінгенін, өзіне жүктелген сенімді қылмыстық мақсатқа пайдаланғанын және қолма-қол ақша жасаумен айналысқанын мойындады. Осыған байланысты бұрынғы шенеунікке мемлекетке 49,3 миллион доллар көлемінде айып пұл төлеуді міндеттеді. Бірақ судья Наджиб Разакты шешім күшіне енгенге дейінгі екінші инстанцияда құқығын қорғау әрекетін жасап алғанынша бостандықта қалдырды.

Наджиб Разак өзі 2009 жылы Малайзияның экономикалық өсімін жеделдету үшін құрған 1MDB қорында орын алған талан-таражға қатысы барын жоққа шығарып бақты. Ал шығарылған үкім мемлекеттік қордың бұрынғы бөлімшесі – SRC International қаржы ұйымынан 10 миллион доллар ақшаны алып кету қылмыстық ісіне қатысты болып отыр.

АҚШ тергеушілері 1MDB қорынан кемінде 4,5 миллиард доллар ақша ұрланып, олар жылжымайтын мүліктерді, зергерлік бұйымдарды, яхталар мен басқа да сән-салтанат заттарын сатып алу үшін транзакциялардың күрделі жүйесі мен жалған компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған деген қорытынды жасап беріп отыр.

Наджиб Разак сотта өзінің банк есепшотынан табылған 700 миллион долларды Сауд Арабиясының сыйлағанын (не үшін? – ред.) айтқан. Ол сондай-ақ бұл ақшаның айтарлықтай көп бөлігін қайтарғанын (!) да сөз еткен.

Бұрынғы премьер-министр 2018 жылы өзінің қамалуына аз уақыт қалғанда, Reuters агенттігіне берген сұхбатында үйіне тінту жүргізілген кезде табылған 300 қораптағы қымбат асыл тастар мен алтын әшекейлердің әйелі мен қыздарына жұрттың берген сыйлықтары екенін баяндаған. Соның ішінде тергеушілер ондаған мың долларға бағалаған көптеген сөмкелердегі бұйымдарды күйеу баласы Данияр Назарбаевтың сыйлағанын мәлімдеген.

Наджиб Разактың қызы Нуриан Наджва Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваның ұлы Данияр Кесікбаевқа (Малайзия БАҚ-тары оны сондай-ақ «Данияр Назарбаев» деп те атайды) күйеуге шыққан болатын.

Сот сонымен қатар Наджибтің әйелі мен оның партиясындағы және министрлер кабинетіндегі бірнеше шенеунікке қор қаржысының талан-таражға салынуына байланысты орын алған парақорлық деректері бойынша айып тағып отыр.

Таңбалар: Болат Назарбаевнаджиб разак

Ұқсас мақалалар

Бұрынғы президенттің інісі Болаттың 15 баласы мұраға таласып жатыр
Әлеумет

Бұрынғы президенттің інісі Болаттың 15 баласы мұраға таласып жатыр

02.07.2024
Экс-президенттің баспасөз хатшысы Болат Назарбаевтың өлгенін растады
Жаңалықтар

Экс-президенттің баспасөз хатшысы Болат Назарбаевтың өлгенін растады

13.11.2023
«Сантехник»» Назарбаев пен оның экс-әйелі Майра істі болып жатыр
Жаңалықтар

«Сантехник»» Назарбаев пен оның экс-әйелі Майра істі болып жатыр

21.06.2022
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist