19 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Наргиз Z-әнші Ирина Дубцованың Ташкентте концерт қоюына қарсы шықты

22 Маусым 2023 16:45
- Әлеумет, Жаңалықтар
Наргиз Z-әнші Ирина Дубцованың Ташкентте концерт қоюына қарсы шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАШКЕНТ. 22 маусым. Өзбек әншісі Наргиз Закирова ресейлік z-әнші Ирина Дубцованың Ташкентте концерт қоюына қатты наразылық білдірді. Бұл туралы bloknot.ru дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Кеңес және өзбек әншісі Наргиз Закирова өзінің Telegram-каналында Ирина Дубцованы боғауыз сөздермен қорлады. Оны ресейлік әріптесінің 25 маусымда Ташкентте өтуі жоспарланып қойылған концерті ашуландырды», – делінген РИА «Новости» хабарламасында.

«Несіне бұл *** қоқсықтар (шваль) Ташкентке өңмеңдей береді?» – деп жазды Наргиз.

Алайда Дубцова өзінің тарапына айтылған бұл сөздерге әзірге ешқандай ишара білдіріп, жауап қайтарған жоқ.

Жалпы, бұл Наргиздің ресейлік музыканттарға қарсы шығуының алды емес. Ол өткен жылғы қараша айында, мысалы, Ташкент көшелерінің біріне ілінген Филипп Киркоровтың афишасына қатысты да қарсылық сөздерін бұрқыратқан еді. Сол жолы Закирова ресейлік кезекті z-әншіні боғауыз сөздермен балағаттаған болатын.

Кейінірек Филя Наргизге жауап қайтарып, оны біраз ақылға шақырғандай болған.

«Қаптап келіп жатыр ***** жексұрындар», – деді ол сонда осы сәт түсірілген видеоны желіге қоса жүктеп.

Әлбетте, мұның бәрінде де Ресей ресурстары түгелдей дерлік өздерінің соғысты қолдаушы путиншіл z-әншілерін қызғыштай қорғап жатыр.

Бірақ Өзбекстанның өз таблоидтарында үн жоқ. Бұл оқиғаны жарыққа шығарып, талқылап жатқан біреуі көрінбейді.

Ирина Дубцова – РФ диктаторы Владимир Путиннің Украинаға қарсы жасап жатқан агрессорлық соғысын ашықтан ашық қолдап жүрген өнер адамдарының бірі.

Мұның алдында сол үшін де қазақстандық көрермен қауым оның Қонаев (Қапшағай) қаласында өткелі тұрған концертін болдыртпай тастады.

Бір айта кетерлігі, өзінің шығармашылық қызметін негізінен Ресей жерінде атқарып келген Наргиз Закирова РФ-ның Украинаға қарсы соғысын батыл айыптағаны үшін былтыр елден шығарып жіберілген болатын. Оған 50 жылға дейін  Ресейге келуге тыйым салынды.

Таңбалар: Ирина ДубцоваконцертНаргиз ЗакироваТашкент

Ұқсас мақалалар

Канье Уэст концерті Алматы экономикасына 5 млрд теңге әкелді
Дәулет

Канье Уэст концерті Алматы экономикасына 5 млрд теңге әкелді

05.09.2026
Алматыда Энрике Иглесиастың концерті кезінде 2 мың полицей қызмет көрсетеді
Әлеумет

Алматыда Энрике Иглесиастың концерті кезінде 2 мың полицей қызмет көрсетеді

05.09.2026
Алматыда өтетін Канье Уэстің шоу концерті ертеңге қалдырылды
Жаңалықтар

Алматыда өтетін Канье Уэстің шоу концерті ертеңге қалдырылды

14.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist