10 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Министр «ОН-ТВ»-ға шара қолданылуы мүмкін деді

1 Шілде 2020 15:07
- Жаңалықтар, Құқық
Министр «ОН-ТВ»-ға шара қолданылуы мүмкін деді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 1 шілде. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстандағы «ОН-ТВ» телеарнасының мемлекет ұстанымына қайшы келетін хабарлар таратып отырғанына назар аударды. Бұл туралы SkifNews хабарлады.

Мәселе «ОН-ТВ» телеарнасының Ресейдің «Звезда» телеарнасының әскери ғылым мен заманауи техниканың жетістіктерін баяндайтын «Әскери қабылдау» бағдарламасын қазақ тіліне аударып, көрерменге ұсынып келе жатқанынан туындап отыр.

«Әрине, бұл қадам мемлекеттік тілді насихаттау ісінде ғана емес, сонымен қатар, әскери, техникалық ноу-хауға қызығушылық танытатын жастарды ағарту ісінде де оң қадам деп білемін. Алайда, өкінішке қарай, осы телевизиялық хабар циклінің соңғы шығарылымы Қазақстан Республикасының ресми ұстанымына қайшы келеді», – деді министр.

Аида Балаеваның айтуынша, қазақстандық барлық БАҚ-тардың, соның ішінде «ОҢ ТВ» телеарнасының басшылығы Қазақстан Республикасының ұстанымдарын теріс түсіндіретін телебағдарламаларды эфирге жібермеуі керек. Осыған орай министр жергілікті атқарушы органдарға өңірлік БАҚ-пен, әсіресе, көркем емес және ойын-сауық сипатындағы шетелдік контентті тарататын телеарналармен алдын алу жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

«Бұл жұмыс ретрансляцияланатын шетелдік контенттің редакциялық саясатын оңтайландыруға бағытталуы тиіс. Мұндай жағдайлар қайталанған жағдайда, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі редакциялық саясаты елдің имиджіне нұқсан келтіретін БАҚ-қа қатысты шаралар қолдануға мәжбүр болады», – деп атап өтті Аида Ғалымқызы.

Таңбалар: Аида Балаева

Ұқсас мақалалар

Аида Балаева Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Жаңалықтар

Аида Балаева Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

31.08.2026
Аида Балаева: Үй мәселесіне қатысты қияс пікірлер буллингке ұласып барады
Әлеумет

Аида Балаева: Үй мәселесіне қатысты қияс пікірлер буллингке ұласып барады

30.08.2026
Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық
Жаңалықтар

Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

21.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

    Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді

  • Қазақстан Ресейдің Иркутск облысындағы ахуалды бақылауында ұстайды

  • НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist