17 Қазан, 23:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мемлекеттік дума Тоқаевтың сөзінен кейін Қазақстанға «тісін қайрап» отыр

19 Маусым 2022 13:08
- Жаңалықтар, Таным
Мемлекеттік дума Тоқаевтың сөзінен кейін Қазақстанға «тісін қайрап» отыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 19 маусым. Ресейдің Мемлекеттік дума депутаттары Тоқаев ДХР мен ЛХР-ды мойындамайтынын айтқаннан кейін Қазақстанға қоқан-лоқы жасай бастады. Бұл туралы «Рамблер.ru» хабарлады.

Ресей депутаты енді Қазақстанның жағдайы «Украинадағыдай болуға тиіс» екенін айтты.

Мұның алдында, Санкт-Петербургте өткен экономикалық форумның пленарлық отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Донбастағы екі «халықтық республиканы» Қазақстанның мойындамайтынын Ресей президенті Владимир Путиннің көз алдында ашып айтқан еді.

«Тоқаевтың тәртібі дұрыс болмады, бірақ оның позициясы белгілі еді. Бұл жайында «Говорит Москва» радиостанциясымен әңгімесі кезінде парламенттің төменгі палатасының ТМД істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Константин Затулин мәлімдеді. Оның пікірінше, Ресейдің одақтастары онымен ынтымақтастықтың өздеріне тиімді жағына ғана мүдделілік танытады, қалған жағдайларда біздің елімізге қолдау көрсетпейді», – делінген хабарламада.

«Қазақстанның оларды мойындамағаны да, мойындамайтыны да Тоқаевтың мәлімдемесінсіз-ақ мәлім еді. Бірақ Тоқаев оны Путиннің қатысуында айтты – былайша көпшілік алдындағы шынайы әңгіме сияқты, лекін, менің көзқарасымша, оншалықты әдептілік болмады. Бұл президенттің жанында оған сес көрсетіп айтылғандай болып көрінді. Біздің ТМД бойынша, Еуразия бойынша және ҚККҰ бойынша деп аталатын одақтастарымыз өздерінің міндеттемелері мен өздерінің одақтастықтарын барынша әрқилы түсінетіндеріне менің күмәнім болған жоқ. Олар барлық интеграциялық бірлестіктерге швед үстеліндегідей пиғылмен қарайды – өздеріне ұнағандарын алады, ұнамайтындарын алмайды. Өздерінен ешкім ештеңе сұрамай жатқан кезде, ең құрығанда, үндемей кетсе де болар еді ғой», – деп түңілді Константин Затулин радиостанция тілшісінің алдында.

«Олар тұтас бірқатар облыстары, елді мекендері халқының басым бөлігін орыстар құрайтын, өздеріне қатыстары әлсіз жердің Қазақстан болып аталатынын өте-мөте жақсы біледі. Біз егерде арамызда, – соның ішінде Украинаға қатысты да, – ынтымақтастық және әріптестік орнығатын болса, ешқандай территориялық мәселесінің көтерілмейтінін қашаннан және барлық жерде айтып келеміз. Ал егер бұлар орнықпаса, бәрі де болуы мүмкін. Тура Украинадағыдай. Сондықтан, меніңше, Қазақстандағы бұған қатысты жағдайға енді тек жай назар аударып қоя салу жеткіліксіз сияқты», – деді сосын ол мәселені одан бетер ушықтырып.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербургтегі форум кезінде Қазақстанның ДХР мен ЛХР-ды ресми түрде мойындамайтынын айтқаны рас.

«Егер күллі жер шарында ұлттардың өздерін өздері айқындау құқығы жүзеге асырылатын болса, онда қазір БҰҰ-ның құрамына кіріп отырғандай, 193 мемлекет емес, жер бетінде 500-ден астам мемлекет болар еді. Бұл деген – бей-берекетсіздік. Біз осы себеппен Тайваньды да, Косовоны да, Оңтүстік Осетияны да, Абхазияны да мойындамаймыз», – деді Қазақстан лидері.

«Бұл принцип, біздің көзқарасымызша, Луганск мен Донецк деп аталатын квази мемлекеттік бірлестіктерге де қатысты қолданылады», – деді Тоқаев соңында.

Ресейдің бұлқан-талқан болып жатқаны содан.

Таңбалар: Константин ЗатулинҚасым-Жомарт ТоқаевМемлекеттік дума

Ұқсас мақалалар

Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпы ұлттық идеологияға айналып келеді
Жаңалықтар

Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпы ұлттық идеологияға айналып келеді

17.10.2026
ТМД мемлекеттері басшылары қазақ ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады
Жаңалықтар

ТМД мемлекеттері басшылары қазақ ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

08.10.2026
Президент Қорғаныс министрлігінің үш басшысын орындарынан алды
Жаңалықтар

Президент Қорғаныс министрлігінің үш басшысын орындарынан алды

03.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist