25 Тамыз, 07:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Лукашенко Украинаға қарсы «екінші майдан» ашудан бас тартты

17 Тамыз 2024 21:43
- Жаңалықтар, Жаһан
Лукашэнка өзін жетінші президенттік мерзімге ұсынатынын мәлімдеді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МИНСК. 17 тамыз. Беларусь диктаторы Александр Лукашенко Ресейге көмектесу үшін Украинаға қарсы жаңа майдан ашуға келіспеді. Бұл туралы Dialog.UA ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Беларусь украин әскерлерінің Курск облысынан шұғыл әкетілуі үшін Украинаға қарсы соғыс ашпайды. Белорус лидері Александр Лукашенко Кремль пропагандисі Евгений Поповқа берген сұхбатында мұны жұрт түсінетіндей етіп ашық жеткізді.

Оның видеосы «Украина-365» telegram-каналында жарияланды.

Лукашенко Украинамен жаңа майдан ашудың перспективасы жайында айта отырып, Ресей армиясының Курск облысындағы масқарасына назар аудара кетті. «Бәрін Курск көрсетті ғой», – деген ол бұл соғыста Кремльге бұдан әрі көмек көрсетуден үзілді-кесілді бас тартатынын білдірді.

«Олар (Батыс елдерін айтады – ред.) бізге ұдайы Беларусьпен соғысудың қажеті жоқ екенін айтып келеді. Біз мұны түсінеміз, сондықтан соғысуға құштар болып отырғанымыз жоқ. Жоқ, олар жақсы болғандықтан емес! Себебі, біз Ресеймен бірге майдан шебін ұлғайта түсуге дайын емеспіз. Онда 1200 шақырым, барлық шекара – 1200 шақырым. Қазір «СВО» – 1000 шақырым. Біз 1200 шақырымды жаба аламыз ба? Жоқ! Мұны Курскі де көрсетіп берді», – деп мәлімдеді Лукашенко.

Айта кетуімізк керек, украин әскерлері Курск облысына лап қойып, шабуыл жасаған сәттен белорус «батькосы» Украина шекарасына шұғыл түрде қосымша күштер жеткізуге пәрмен берген болатын. 6 тамызда. Осылайша ол, шамасы, украин резервін белорус шекарасына тарту арқылы РФ армиясына жасалып жатқан қысымның нөпірін мүмкіндігінше әлсірете беруге ұмтылған сияқты. Алайда оның бұл маневрі оншалықты тиімді әсер әкеле қойған жоқ. Украина армиясы содан бергі 11 күннің ішінде Курск өңіріндегі қарқынды ұрыс қимылдарынан бір қадам да төмендеген жоқ, қайта қысымды бұрынғыдан да арттырып, жаулап алынған территориясының аумағын 1 100 шаршы шақырымнан да асырып жіберді.

Ал ресейлік Z-арналар болса, мұның өзінен сұрқия астар іздеп, «бұған дейін Лукашенко Киевпен өзара шабуыл жасаспау жөнінде конспирологиялық, яғни астыртын келісім жасасып қойған болуы керек» деген сыңайда болжам айтып, «боздап» отыр.

Бұдан алдын Dialog.UA Ресей армиясының Курск түбіндегі күйрей жеңілуілері фонында өзінің РФ-мен одақ құру жөніндегі идеясынан айнып отырғанын жазып еді.

Таңбалар: екінші майданКурск облысыЛукашенкаУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist