25 Тамыз, 09:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Хабар» телеарнасының «Бірақ…» ток-шоуы қоғам наразылығын туғызды

13 Наурыз 2024 21:58
- Әлеумет, Жаңалықтар
«Хабар» телеарнасының «Бірақ…» ток-шоуы қоғам наразылығын туғызды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 13 наурыз. Наурыздың 11- і күні «Хабар» арнасында тікелей эфирде жүргізілген «Бірақ…» ток-шоуы өзінің бірінші ашылымында-ақ көпшіліктің  қарсылығына тап болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Отбасылық зорлық-зомбылықты бастан кешкен әйелдердің жан сырларын айтуларына мүмкіндік беруге арналған бағдарламаны жүргізу барысында журналистер көрсеткен өресіздіктері жұртшылықты өре тұрғызды.

Ток-шоуда кейіпкердің отбасында күйеуінен көрген қорлығы мәселесі әңгіменің арқауына айналды. Онда әйел күйеуімен 18 жыл отасқанын, алайда жылдар бойы одан тек таяқ жеумен келгенін, ақыр соңында дөрекі зайыбының қолын сындырғанын сөз етті. Осы оқиғадан соң келіншек алты баласын алып, Шымкенттен Астанаға көшіп келіпті. Ал оның ел байтағындағы дағдарыс орталығында тұрып жатқанын біліп алған журналистер аталмыш ток-шоуға шақырыпты. Кейіпкер хабарға қатысуға келісім берген. Бірақ журналистер оған тосынсый жасамақ болып, хабарға кенет күйеуін қосып жіберген. Олар осылайша жігітті тікелей эфирде әйелінен кешірім сұрауға мәжбүрлеп, ерлі-зайыпты жұпты жарастырып жібермекші болған.

Әйткенмен, бұл ниет оншалықты сәтті болып шықпады. Сондықтан көрермен көпшілік сол бойда ток-шоу мен оның жүргізушілерін қатты сынға ала бастады.

«Шімірікпей біреудің жан азабын азық қылу қалыпты жайға айналып барады. «Хабар» арнасынан шыққан ток-шоудағы мына сорақылық – соның дәлелі. Тиран күйеуден қашып барып, дағдарыс орталығын паналаған әйелдің тағдырымен ойнап отыр. Ол әйелдің келісімінсіз, ашық жарасына тұз сепкендей еркекті гүл ұстатып студияда алдынан шығару рейтингтің құлы болсаң да ақталмайтын әрекет, – деп жазды қызылордалық журналист Үйтолған Жареке Facebook әлеуметтік желісінде. – Кемелбек Ойшыбаев, ол әйел сіздерден жолдасыммен татуластыр деп сұрамаса да осылай шоу жасау журналистік этикаға да, адамдыққа да қайшы дүние деп ойламайсыз ба? Шоудан кейін ана тиран еркек әйелді аңдып жүріп майып қылса, не істейсіздер? Алты баланы сіздер жеткізесіздер ме? Бұл не масқаралық? Ентіге өксіп отырған видеоларды шімірікпей жариялау қорғансыз әйелдің, балаларының арын, намысын, құқын таптау емес пе? Қорлау ғой таза».

Әлеуметтік желілерде көтеріліп кеткен дау-дамайға орай «Қорғау Астана» қорының жетекшісі Анна Рыль сөзге араласты. Ол телеарна жүргізушілеріне келіншектің байланыс нөмірін бергенін, лекін мұндай жағдайды күтпегенін жеткізді.

«Кезінде мен бұдан былай ток-шоуларға қатыспаймын деп өз-өзіме ант берген едім. Жемісті жұмыс істеп келе жатқан «Хабар» телеарнасының журналистері келгенше, осы сөзімді берік ұстандым. Журналистер 6 баласымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болып, қазір бізден пана тапқан әйелге хабарласты. Бағдарлама арқылы келіншекке көмектескісі келетіндер табылар деген үмітпен байланысын бердім. Ток-шоу басталмас бұрын журналистер Г. мен оның үлкен қызынан сұхбат алды. Екеуі де жылап отырып, көрген қорлықтары туралы айтып берді. Шоу басталар алдында журналистер әйелге күйеуі эфирге келмейтінін айтып, қаупін басқан екен. Әйел бағдарламаға бетпердемен шығатынын айтып, келіскен. Бірақ шоу жүріп жатқан кезде, әйел өзінің жағдайын айтып отырған тұста күйеуі кіріп келеді. Ол келіншектен бетпердесін шешуді өтініп, гүл ұсынды. Бұл бағдарлама тікелей эфирде болғандықтан, әйел үшін де, бәріміз үшін де күтпеген жағдай болды», – дейді Анна Рыль.

Сондай-ақ ол ток-шоу барысында журналистер әкесінің балаларымен кездесуіне рұқсат беруін сұрап, әйелдің келісімін алған.

«Олар ер адамды татуласу үшін шоуға шақырған. Күйеуі шоуға шыққан кезде Г. стресте болды. Ер адамға жақындамауды өтініп, жылап отырып, оның өзін қалай ұрғанын, омыртқасын жарақаттағанын айтып берді. Оның балаларымен кездесуіне қарсы емес екенін айтты. Мен рейтинг үшін әйелді азап шегуге мәжбүр еткендеріне ашуландым. Олар осы қойылымды қояр алдында бұдан бұрын екі күн бұрын сөз етіліп отырған ер адамның дағдарыс орталығына ішіп келгенін, балаларын көруді талап етіп, қандай былапыт балағат сөздер айтқанын көрулері керек еді», – деді «Қорғау Астана» қорының жетекшісі.

Бағдарлама барысында жүргізушінің де шын мәнінде ер адамның жағына шығып, күйеуін кешіруге шақырғаны да көрермендердің наразылығын тудырды. Тіпті студияда әйелге отбасын сақтап қалуды ұсынған сарапшылар да болған. Олардың пікірінше, мұндай жанжал барлық отбасында болады және бұл әдеттегі жағдай екен-міс.

Көпшілік арасында дау тудырған оқиғадан кейін «Хабар» басшылығы жауап берді. Агенттік төрағасы Кемелбек Ойшыбаев «Бірақ…» бағдарламасының эфирге шыққанына 2 күн ғана болғанын, оның мақсаты қоғамды алаңдатқан мәселелерді шешу екенін жеткізді.

«Қалдырған пікірлердің ішінде бағдарламаның жүргізушілерін, авторларын іздеп, біраз сұрақ туындатқан екен. «Бірақ…» бағдарламасының эфирге шыққанына 2 күн ғана болды. Жобаның басты мақсаты – қоғамды алаңдатып отырған әлеуметтік мәселелер, отбасылық құндылықтар және басқа өзекті мәселелерді көтере отырып, спикерлер, психологтар, заңгерлер мен басқа да сала мамандарымен бірлесіп, талқылау және шешу жолдарын іздеу. Бұл тақырыпты қозғап, нақ осы кейіпкерлермен бағдарлама жасау арқылы қоғамды дүрліктіріп, вирустық контентке айналдыру ниетінен аулақпыз», – деді ол.

Кемелбек Ойшыбаев ток-шоуда кеткен қателіктің түзелетінін айтты.

Бұған қоса төраға: «Бірақтың» шалыс басқан қадамы әлі түзеледі. Редакцияға осындай дереу қоғамдық талқы, қолдау да маңызды. Дәл бүгін қатысқан кейіпкерлерден де, көрерменнен де сұраған кешірімімізді қабыл алыңыздар! Өз алдына қонағымыз болып келген Гүлмира Смайлова мен «Қорғау-Астана» дағдарыс орталығының ұжымынан жеке кешірім сұраймыз» деді.

Дегенмен, агенттік райысы ток-шоуды қанша ақтап баққанымен, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның «Бірақ…» ток-шоуы жөніндегі шешімі кесімді болып шықты, ол сәтсіз басталған бағдарламаның бірден жабылатынын мәлімдеді.

«11 наурыздан бастап «Хабар» арнасында отбасындағы әлеуметтік мәселелерін көтеріп, оны шешуге бағытталған «Бірақ…» бағдарламасының шығарылымы ұйымдастырылды. Алайда, тікелей эфирдегі берілген шығарылымда редакция бағдарламаның діттеген мақсатына жете алмай, кейіпкерді жаңылыстыру арқылы қоғамда түрлі пікірлер туындатты. Мемлекеттік идеологияны жүргізіп отырған мемлекеттік телеарна мұндай олқылыққа жол бермеуі тиіс еді. Ең алдымен редакция барлық этикалық нормаларды сақтап,  отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен арандатушылыққа жол бермеуге, кейіпкерлерді көпшілік алдында қорламауы тиіс еді. Сондықтан телеарна редакциясына бұл үлкен сабақ болады деп есептейміз. Аталған ток-шоу жабылады», – деді министр.

Таңбалар: Бірақ ток-шоуыотбасылық зорлық-зомбылықХабар арнасы

Ұқсас мақалалар

Қызылордада отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары жүргізілуде
Әлеумет

Қызылордада отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

11.08.2026
Ойрандалған отбасының құпиясы: Әйтеновтер әулетінің жасырғаны не?
Әлеумет

Ойрандалған отбасының құпиясы: Әйтеновтер әулетінің жасырғаны не?

15.07.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist