26 Тамыз, 02:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Кәсібіне адалдықпен қараған жан

29 Сәуір 2025 19:30
- Аймақ, Жаңалықтар
Кәсібіне адалдықпен қараған жан
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Ақ халат – дәрігердің ғана емес, үміт пен сенімнің символы. Бұл киімнің қадірін сезініп, маңызын терең түсінетін жан – Нұргүл Жалыбекқызы Жалғасбаева. Ол – Қызылорда қаласындағы №6 қалалық емхана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, кәсіби тәжірибесі мол, адамгершілік қағидалары берік дәрігер-ұйымдастырушы.

Нұргүл ханым өзінің еңбек жолын қарапайым учаскелік дәрігер болудан бастаған. Медицина әлеміне алғашқы қадамын С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Терапия» мамандығы бойынша білім алып, Астана қаласындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған госпитальде жасаған. Бұл жерде ол кәсіби шеберлігін шыңдап, үлкендерге деген құрмет пен ықыластың ерекше үлгісін көрсетті.

2014–2018 жылдары Қызылорда қаласындағы  №1 емханада терапевт болып қызмет етіп, кейін №3 емханада күндізгі стационар бөлімінің меңгерушісі болды. Сонымен қатар қосалқы жедел жәрдем стансасында да дәрігерлік міндеттерді атқарып, адам жанына дер кезінде араша түсудің үлгісін көрсетті. Ал 2018 жылдан бері №6 емханада бас дәрігердің орынбасары ретінде сапалы медициналық қызметті ұйымдастыру, емдеу сапасын арттыру бағытында нәтижелі жұмыс атқарып келеді.

Нұргүл Жалыбекқызы – кәсібін терең меңгерген, заманауи талаптарға бейімделген, басқару ісіне де жетік маман. Ол күнделікті қызметінде тек емдеумен шектелмей, жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, тәжірибесін үйретуге де уақыт бөледі. Әріптестері оны біліктілігі мен қарапайымдылығы үшін құрметтейді, ал науқастар сеніммен қабылдайды. Оның басты ұстанымы – әрбір адамға сапалы әрі жанашырлықпен қызмет көрсету.

Медицина – үздіксіз даму мен ұдайы жаңашылдықты талап ететін сала. Нұргүл ханым да осы үдерістен қалыс қалмай, біліктілігін арттыру, жаңа тәсілдер мен технологияларды меңгеру жолында үнемі ізденіс үстінде.Нұргүл Жалыбекқызы тек кәсіби қызметімен ғана емес, жүрек жылуын қайырымдылық істерімен де бөлісіп келеді. Ол мұқтаж жандарға көмек көрсетуге үнемі атсалысып, емхана ұжымы арасында да қайырымдылық шараларын ұйымдастырып отырады. Адамгершілік пен жанашырлықты өмірлік ұстаным еткен Нұргүл ханымның бұл қасиеті оны ел алдында ерекше құрметке бөлеп жүр.

Нұргүл Жалғасбаева – дәрігер болуды мамандықтан жоғары миссия деп қабылдайтын жан. Оның әрбір ісі, айтқан сөзі мен қабылдаған шешімі жүректен шығып, жүрекке жетеді. Ол үшін бір адамның денсаулығы – бүтін бір отбасының бақыты, ал әрбір сауыққан жан – еткен еңбектің шынайы жемісі.

Осындай жүрек жылуын кәсібіне арнаған тұлғалар – қоғамның тірегі, елдің сенімі. Нұргүл Жалыбекқызы – сол сенім үдесінен шығып жүрген ақ халатты абзал жандардың бірі.

Жансая НҰРҚОЖА,

ҚЫЗЫЛОРДА

Таңбалар: дәрігерҚызылордаНұргүл Жалғасбаева

Ұқсас мақалалар

Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды
Жаңалықтар

Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

24.08.2026
Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды
Жаңалықтар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

24.08.2026
Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті
Әлеумет

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті

22.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist