17 Қазан, 12:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жәнібектің екінші сынамасы қорытындысы бүгін белгілі болады

9 Қаңтар 2026 22:51
- Жаңалықтар, Сайыс
Жәнібектің екінші сынамасы қорытындысы бүгін белгілі болады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

НЬЮ-ЙОРК. 9 қаңтар. Кәсіпқой бокстан WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының екінші сынамасы нәтижесі бүгін анықталуы тиіс. Бұл туралы Stan.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Осыған байланысты оның менеджері Берік Сұлтан мәлімдеме жасады. Ол спортшының В сынамасы ашылғанын айтты. Мұны Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков растады.

Менеджердің айтуынша, екінші сынама АҚШ аумағында ашылған. «Екінші сынама бүгін Америкада ашылды. Барлығы талапқа сай өтті. Біздің команда өкілдері пломбалардың ашылуына тікелей қатысты. Процестің заңды, ашық өткенін растады. Қазір сынама зертханаға жөнелтілді. Енді ресми қорытындыны күтіп отырмыз. Нәтиженің қашан дайын болатыны нақты айтылған жоқ», – деді Берік Сұлтан.

Сондай-ақ ол команданың басты ұстанымы адал спорт екенін атап өтті. Оның сөзінше, жанкүйерлер Жәнібектің тыйым салынған препараттарды қолданбағанына сенімді.

«Жанкүйерлер Жәнібектің тыйым салынған препараттарды қолданбайтынына сенеді. Өзіміз де таза спортты насихаттаймыз. Көптеген жас боксшылар Жәнібекті үлгі тұтады. Ол – кәсіби спорттың не екенін жақсы білетін, жеті жылдан бері кәсіпқой рингте жүрген чемпион. Қандай дәрумен қабылдап, қайсысын қабылдауға болмайтынын нақты біледі», – деді ол.

Берік Сұлтан команда бұған дейін де ереже бұзбағанын және болашақта да осы бағыттан таймайтынын жеткізді.

«Біз не ішуге болады, не ішуге болмайтынын жақсы білеміз. Бұрын да қолданған жоқпыз, қазір де, алдағы уақытта да қолданбаймыз», – деп мәлімдеді менеджер.

Айта кетейік, 6 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы WBA чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен үш бірдей чемпиондық белбеуді біріктіру жекпе-жегін өткізуі тиіс еді. Алайда VADA жүргізген допинг тексерісінде тыйым салынған мельдоний анықталғандықтан, айқас өтпей қалды.

Осыдан кейін Premier Boxing Champions ұйымы Жәнібектің орнына басқа қарсылас бекітілгенін хабарлады. Нәтижесінде Эрисланди Лара венесуэлалық Йохан Гонсалеспен жұдырықтасып, WBA чемпиондық атағын қорғап қалды.

Қазір Жәнібек Әлімханұлының командасы зертханадан шығатын ресми қорытындыны күтіп отыр.

Таңбалар: допингЖәнібек Әлімханұлысынама

Ұқсас мақалалар

Жәнібек Әлімханұлының екінші сынамасы да оңды болмады
Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлының екінші сынамасы да оңды болмады

21.01.2026
Өзбек боксшысы Ләзизбек Муллажонов допингпен ұсталды
Жаңалықтар

Өзбек боксшысы Ләзизбек Муллажонов допингпен ұсталды

03.08.2025
Боксшы Жәнібек Әлімханұлы ауырып қалып, жекпе-жегі өтпейтін болды
Жаңалықтар

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы ауырып қалып, жекпе-жегі өтпейтін болды

12.07.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist