25 Тамыз, 02:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Иранда күзгі шерулер үшін сотталған 11-дің алғашқысы дарға асылды

9 Желтоқсан 2022 19:02
- Жаңалықтар, Құқық
Иранда күзгі шерулер үшін сотталған 11-дің алғашқысы дарға асылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТЕГЕРАН. 9 желтоқсан. Иранда үкіметке қарсы күзгі шерулерге қатысқандары үшін сотталған 11 белсендінің алғашқысы дарға асылды. Бұл туралы Би-Би-Си хабарлады.

Үкім 8 желтоқсан күні орындалды. Наразылық қозғалысына қатысқандары үшін сотталғандар арасында бірінші болып Мохсен Шекари дар ағашына ілінді.

Бұған дейін Иран революциялық соты оны қарсылық толқынында болғаны үшін «Құдайға қарсы жаулық жасады» деп айыптаған болатын. Ол 25 қыркүйек күні Тегерандағы басты жолды жауып, «Басидж» азаматтық милициясының мүшесін пышақпен жарақаттаған еді.

Бұдан бұрын Иранның жоғарғы лидері аятолла Али Хаменидің қарындасы Бадри Хоссейни Хаменеи елдегі қарсылықты қарудың күшімен басушылықты айыптап, Ислам революциясы күзетшілер корпусын (Қарулы күштердің элиталы бөлімшесі) қаруларын тастауға шақырды. Осының алдында Хаменеидің құқық қорғаушы жиені Фариде Морадхани жұртты Ирандағы қарсылықты аяусыз басушылықпен байланысы бар нәрсенің бәрін талқандауға үндегені үшін қамауға алынған болатын.

2022 жылдың қыркүйегінде Иранда хиджаб кию жөніндегі заңды бұзғаны үшін ұсталған  22 жастағы Махсы Аминидің полиция учаскесінде өлтірілуіне байланысты қарсылық қозғалысы бұрқ ете қалды. Сол күні Иран қыз-келіншектерінің көпшілігі наразылық ретінде хаиджабтарын лақтырып өртеу, шаштарын қырқу акциясын жасады. Қарсылық қозғалысы кезінде 15 мыңға жуық адам қамауға алынды.

Иран билігі шерулер кезінде 200-ге жуық адамның қаза тапқанын мойындады, алайда құқық қорғаушылар 460 адамның өлтірілгенін айтып отыр.

Иранда қыз-келіншектердің хиджаб жамылуы Ислам революциясынан төрт жылдан кейін, 1983 жылдың сәуірінен бастап міндетті нәрсеге айналған еді.

Таңбалар: иранқарсылықөлім жазасы

Ұқсас мақалалар

АҚШ пен Иран өзара бейбіт келісімге келгелі тұрған сияқты
Жаңалықтар

АҚШ пен Иран өзара бейбіт келісімге келгелі тұрған сияқты

15.06.2026
Иран Ормуз бұғазын коммерциялық кемелер үшін уақытша ашты
Жаңалықтар

Иран Ормуз бұғазын коммерциялық кемелер үшін уақытша ашты

17.04.2026
Трамп Ираннан кейін шабуыл жасалатын мемлекеттің атын атады
Жаңалықтар

Трамп Ираннан кейін шабуыл жасалатын мемлекеттің атын атады

14.04.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist