18 Қазан, 22:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Германияның жаңа канцлері Мерц Украина жайлы мәлімдеме жасады

24 Ақпан 2025 10:46
- Жаңалықтар, Жаһан
Германияның жаңа канцлері Мерц Украина жайлы мәлімдеме жасады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БЕРЛИН. 24 ақпан. Германиядағы сайлауда жеңіске жеткен Фридрих Мерц Украина мен АҚШ-қа қатысты өз ойын білдірді. Бұл туралы ВВС ақпарына жүгінген rast.kz хабарлайды.

Германиядағы сайлауда ХДС/ХСС блогы 299 округтен 28,6% дауыс жинап, жеңіске жетті.

Екінші орынды Илон Маск дауыс беруге шақырған ресейшіл «Германия үшін балама» партиясы алды. Ол марофонда 20,8% дауыс жинады.

Үшінші орынға 16,4% дауыс жинаған Шольцтің партиясы СПД орналасты.

Үздік бестікке сондай-ақ 11,6% дауыс жинаған Жасылдар партиясы және 8,8% дауыспен Солшылдар партиясы кірді. Сонымен бірге тағы бір ресейшіл Сара Вагенкнехттің партиясы Бундестагқа кіре алмайды, өйткені ол 5 пайыздық дауыс кедергісін еңсерген жоқ.

Сарапшылар ең ықтимал коалиция ХДС/ХСС пен СДП арасындағы альянс болады деп есептейді. Канцлер лауазымына басты үміткер – Фридрих Мерц. Олаф Шольц Мерцтің жеңісін, сондай-ақ өз партиясының сайлауда бірінші орын алмауына әкелген қателіктерін мойындады.

Сайлаудан кейін Мерц неміс баспасөзіне берген сұхбатында АҚШ-тың сайлауға араласуының тура Ресейдікі сияқты «өте өрескел», яғни «арсыз әрекет» болғанын айтты. Ол Берлиннің АҚШ-тан «тәуелсіздік» саясатын ұстанатынын, ал Уашингтонның өзі, әсіресе Трамптың тұсында Украинаның болашағына ешқандай қызығушылық танытпайтынын атап өтті. Сондықтан Германия Украинаны жан-жақты қолдау саясатын ұстанады.

АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде Германиядағы сайлаудың Америка үшін де «үлкен жеңіс» болғанын жазды. Оның айтуынша, неміс халқы да америкалықтар сияқты мигранттардан әбден шаршаған. Осыған қарағанда, кейбір ресурстардың жазып жатқанындай, Трамп Германия билігіне кімдердің келіп жатқанын да дұрыс пайымдай алмаған сияқты. Ол дойч елі жаңа басшылығының Ақ үйге оншалықты жылы қабақпен қарай қоймайтынын, мұнысын әлден айтып та үлгергенін аңғармапты.

Мерц болса, өз кезегінде Трамптың сыртқы саясаты Украинаның, демек, Еуропаның да «төбелерінен аттап өтіп», АҚШ пен Ресейдің арасын бір-бірлеріне жақындату болатынын атап өтті. Сондықтан да қазір еуропалықтардың назары Германияға ауып тұр.

Украина президенті Володимир Зеленьский Мерц пен оның партиясын сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Ол Киев пен Берлиннің Украина үшін де, Еуропа үшін де маңызды мақсаттарға жету жолында бұдан да тығыз ынтымақтаса жұмыс істейтіндеріне сенім білдірді.

Таңбалар: германияканцлерФридрих Мерц

Ұқсас мақалалар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026
Германия Ресей билігінің енді өздерін бопсалап қорқыта алмайтынын айтты
Жаһан

Германия Ресей билігінің енді өздерін бопсалап қорқыта алмайтынын айтты

30.05.2026
«Бавария» 35-ші рет футболдан Германияның чемпионы атанды (видео)
Жаңалықтар

«Бавария» 35-ші рет футболдан Германияның чемпионы атанды (видео)

17.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist