19 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Футбол: Қазақстан құрамасы Ереванда Армениядан жеңілді (видео)

7 Маусым 2024 23:03
- Жаңалықтар, Сайыс
Футбол: Қазақстан құрамасы Ереванда Армениядан жеңілді (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЕРЕВАН. 7 маусым. Бүгін түнде Еревандағы «Республикалық» стадионында Армения құрамасымен жолдастық кездесу өткізген Қазақстанның бас командасы 1:2 есебімен жеңіліс тапты. Бұл туралы «Футбол на Куличках» дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Армения – Казахстан 2:1 (1:0)

7 маусым. Ереван. «Республикалық стадион».

Арбитр: Георгий Кикачейшвили (Сакартвело).

Армения: Огнен Чанчаревич, Сергей Мурадян, Вараздат Ароян (Степа Мкртчян, 80), Камо Оганесян, Георгий Арутюнян, Эдгар Григорян, Наир Тикназян (Артур Серобян, 69), Артак Дашян (Соломон Удо, 88), Ваан Бичазчян (Жираир Шагоян, 69), Эдуард Сперцян (Ованес Арутюнян, 88), Артур Миранян (Эдгар Севикян, 46).

Жаттықтырушы: Александр Петраков.

Қазақстан: Игорь Шацкий, Ян Вороговский, Александр Марочкин, Нұралы Әліп (Исламбек Қуат, 68), Әлібек Қасым, Еркін Тапалов (Михаил Габышев, 78), Әділет Садыбеков, Асхат Тағыберген (Марат Быстров, 68), Рамазан Оразов (Бауыржан Исламхан, 78), Эльхан Астанов (Абат Айымбетов, 59), Максим Самородов.

Жаттықтырушы: Руслан Балтиев.

Голдар: Александр Марочкин (4, автогол), Ваан Бичахчян (58), Бауыржан Исламхан (90+6, пенальти).

«Ереванда Армения және Қазақстан құрамалары жарқын ойын көрсетті», – деп атап өтті ресейлік портал. Оның жазуынша, «қаршығалар» (яғни қазақтар) қазір алмағайып қиын кезеңді бастан кешіп жатыр: олар Магомед Адиевпен қоштасып қойды, ал оның орнына келген Станислав Черчесов жұмысқа маусым айындағы жолдастық кездесулер ойналып біткеннен кейін ғана кіріседі.

Ал бұрынғы бас жаттықтырушының көмекшісі Руслан Балтиевтің басқаруымен ойнаған қазақтар Ереванда армян жасағына талай тығырыққа тіреді. Алаң иелері де олардан қалыспады. Матчтың басында Петраковтың жігіттері меймандарды ығыстырып алуды көздеді. Сондай шабуылдың сәтінде Александр Марочкин Наир Тикнизянның қатты ұрған добын қайтарамын деп, оны өз қақпасына кіргізіп алды.

Дегенмен, қазақтар біртіндеп ойынды теңестіріп кетті. Олар 19-минутта таразы басын теңестіруге сәл қалды. Әлгіндегі Марочкиннің соққан добы дарбаза бағанынан қайтты. Көп ұзамай Максим Самородовтың шалқалай тепкен добынан Огнен Чанчаревич өз қақпасына аман сақтап қалды. Ал ойыншылар үзіліске шығардың дәл алдында Самородов бірнеше метр жерден ұрған добын маңдайшаға тигізді.

Екінші таймда да қазақтар басымдық танытты. Алайда тағы да хайлардың жолдары болып кетті. Олар өз қақпаларын қорғап қана қоя салмай, бір қарсы шабуыл кезінде қарсы жақтың дарбазасынан саңылау таба білді. Соған қарамастан, қонақтар өздерінің жеңілгендерін мойындамай, шабуылды шабуылға ұластыруды жалғастыра берді. Осы тұста командалар алма-кезек жорыққа ден қойып тұрды. Соңғы минуттарда армяндар қазақтардың кезекті күшті шабуылы барысында өз алаңдарында допты қолмен қайтарды. Осы тұста Ян Вороговский айып алаңындағы Самородовқа доп жөнелткен еді. Пенальти! Оны Бауыржан Исламхан дәл ұрып түсірді.

Ресей таблоидтары аталмыш кездесуде қазақтардың ұтылып қалғаны болмаса, өте жақсы ойын көрсеткендерін, тіпті қақпаға гол салу мүмкіндіктері де алаң иелеріне қарағанда көбірек болғанын жарыса жазысып жатыр.

Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Руслан Балтиев өз ойыншыларына қоятын пәлендей кінәсі жоқ екенін, оларды жақсы ойнауға ұмтылмады деп айыптай алмайтынын, кейбір жерлерде шеберлік жетіспей қалғанын айтты.

Бір айта кететін нәрсе, бұл ойында ешкім тәртіп бұзушылыққа бармады, сондықтан «сары қағаз» алған ойыншы болмады.

Тағы бір айта кететін факт, осы матч жөнінде хабар берген бірде-бір армян сайты екі команданың ойыншылары бірге жүрген сеттерінен сурет жариялаған жоқ, олар тек армян футболшыларын ғана көрсете беріпті.

Суреттерде: 1.Қақпашы Игорь Шацкий сейв жасап жатыр; 2.Бауыржан Исламхан голды осылай түсірді

Таңбалар: жолдастық кездесуҚазақстанфутбол

Ұқсас мақалалар

Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі Қазақстанға не береді?
Жаңалықтар

Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі Қазақстанға не береді?

17.10.2026
Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды
Жаңалықтар

Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды

15.10.2026
Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды
Дәулет

Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

14.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist