18 Қазан, 20:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

FT: Пригожиннің ұшағын Ресей әуе шабуылына қарсы жүйесі атып түсірген

24 Тамыз 2023 12:17
- Жаңалықтар, Тіршілік
FT: Пригожиннің ұшағын Ресей әуе шабуылына қарсы жүйесі атып түсірген
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 24 тамыз. «Вагнер» компаниясының құрылтайшысы Евгений Пригожиннің Тверь облысында құлаған ұшағын РФ-ның әуе шабуылына қарсы жүйесі атып түсірген болып шықты. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Financial Times басылымының жазуынша, өз мәнбесіне сілтеме жасаған батыстың бір шенеунігі осылай деген. Бірақ ол бортта Пригожиннің болған-болмағанын ашып айта алмаған, бірақ «Путин тұтқынға адам алмайды» дегенді  айтқан.

The Moscow Times басылымына оның Ресей билігіндегі өз мәнбесі Embraer ERJ 135 бизнес-джетінің Владимир Путиннің Валдайдағы резиденциясына жақын, оны күзететін С-300 қаруының төрт дивизионы тұрған жерде құлағанын баяндаған.

Ұшақ резиденциядан небәрі 50 шақырым маңда опат болған. «Оның қалай құлағанына қараңыздаршы, – дейді мәнбе. – Оны тек атып түсірген. Ұшақ тек планерін жоғалтып алған».

«Егер Пригожин шынында құлаған ұшақтың ішінде отырған болса, мұны оның маусым айындағы өзі «әділеттілік маршы» деп атаған бүлігімен байланыстыра қарастыру қажет», – деді The Moscow Times-тың Кремльге жақын келесі мәнбесі.

«Куженкино деревнясына жақын маңдағы апат болған жерде жүргізілген іздеу жұмыстары түнгі сағат 23:00-ге таяу аяқталды, онда қатты күйіп қалған 10 адамның сүйегі табылды, біреуінің басы жұлынып кеткен, екіншісі мылжаланып қалған», – деп жазды Baza.

Росавиация артынша бортта болған жолаушылардың тізімін жариялады, олардың арасында Пригожин мен оның орынбасары Дмитрий Уткин бар. Reuters-дің мәліметінше, 24 маусымда Мәскеуге қарай жол тартқан колоннаны ГРУ-дың бұрынғы подполковнигі Уткин басқарып барыпты.

Пригожиннің қаза тапқанын «Вагнерге» жақын Grey Zone телеграм-каналы растап отыр. Журналист Александр Захаровтың ақпары бойынша, «шефтің» қаза тапқанын Пригожин құрылымының қызметкерлері де мойындайды.

РБК агенттінің құқық қорғау органдарындағы мәнбесі тергеу-тексерудің апатқа себеп ретінде ұшудағы қателік, техникалық ақаулықтар және сырттан шабуыл жасау деген үш болжамды қарастырып жатқанын жеткізген.

Тағы бір айта кететін жайт, кейін апат болған жерден Еагений Пригожиннің ұялы телефоны табылған.

Сонымен бірге, қазір 62 жастағы Евгений Пригожиннің өліміне РФ диктаторы Владимир Путиннің тікелей қатысы бар екенін айтылып жатыр. Ол осылайша «Вагнер» жеке әскер компаниясының құрылтайшысынан маусым айындағы әскери бүлігі үшін кек қайтарып, есеп айырысып отыр деседі. Борттағы қалған жолаушылар да «Вагнер» мүшелері болып шықты. Атап айтқанда, бортта бұлардан бөлек, Сергей Пропустин, Евгений Макарян, Александр Тотмин, Валерий Чекалов, Николай Матюсеев және экипаждың үш мүшесі: әуе кемесінің командирі Алексей Левшин, екінші пилот Рустам Каримов, бортпроводник Кристина Распопова болған.

Росавиация мәліметі бойынша, Пригожиннің RA-02795 борт нөмірлі Embraer ERJ 135 ұшағы әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алу негізінде аспанға ұшып шыққан. Демек, ол атып түсірілген болса, осыған қатысты арнайы бұйрық берілген.

Таңбалар: Владимир ПутинЕвгений Пригожинұшақ

Ұқсас мақалалар

FlyArystan ұшағында бір ауыз артық сөзі үшін қария жазаға тартылды
Жаңалықтар

FlyArystan ұшағында бір ауыз артық сөзі үшін қария жазаға тартылды

04.09.2026
Путин Ресей жоғары оқу орындарын орыс тілін филологиядан бөлуге шақырды
Жаңалықтар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»

11.08.2026
Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді
Жаңалықтар

Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді

11.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist