9 Шілде, 14:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

ЕАЭО Армениядан өзі мен Еуроодақтың бірін таңдауды талап етті

29 Мамыр 2026 21:20
- Дәулет, Жаңалықтар
ЕАЭО Армениядан өзі мен Еуроодақтың бірін таңдауды талап етті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 29 мамыр. Астанада өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық одақ Арменияға өзі мен Еуропа одағы арасында таңдау жасауға тура келетінін қадап айтты. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Осы орайда Ресей, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан Армениядан ЕО мен ЕАЭО мүшелігі арасындағы таңдауды референдум арқылы анықтауды да талап етті. Мәскеу қазірдің өзінде бұл елге қатысты сауда шектеулерін енгізген, енді баж салығынсыз газ бен мұнай жеткізілімдерін алып тастамақшы болып қорқытып жатыр.

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердің көшбасшылары бірлескен мәлімдеме таратты, онда Армениядан Еуроодаққа кіру мен ЕАЭО-ға мүшелікті сақтау арасында таңдау жасау жөнінде референдум өткізу талап етілген.

«Біз Армения Республикасында Еуропа одағына кіру немесе одан әрі Еуразиялық экономикалық одақ құрамында болу туралы жалпыұлттық референдумды мүмкіндігінше қысқа мерзімде өткізу қажеттілігі туралы ұстанымды алға тартамыз», – делінген 29 мамыр, жұма күні Кремль сайтында жарияланған құжатта.

Ресей, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан өз мәлімдемелерінде Арменияның ЕО-ға кіруге дайындығына байланысты «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикалық қауіпсіздігі үшін елеулі тәуекелдерді» атап өтті. Өтініш Астанадағы Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қабылданды, онда Армения үшін вице-премьер Мгер Григорян жауап берді.

Григорян өз сөзінде «Армения өзара сыйластық, тең құқылы әріптестік және ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттердің ұлттық мүдделерін есепке алу қағидаттарына сүйене отырып, одақ жұмысына адал қатысуға ниетті» деп мәлімдеді.

«Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің желтоқсанда өтетін отырысында «Арменияға қатысты ЕАЭО туралы шарттың қолданылуын тоқтата тұрудың ықтимал салдары» туралы баяндалады», делінген Астанада қабылданған мәлімдемеде.

Ресей Арменияға Еуропа одағымен жақындасуы аясында және 7 маусымға жоспарланған ұлттық парламент сайлауы қарсаңында жан-жақты – саяси және экономикалық қысымды барынша күшейтіп жатыр.

«Россельхознадзор» қазірдің өзінде бірқатар армян өнімдерін – арасан, көкөніс мен коньяк әкелуге тыйым салды, Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі қазір енді «Арменияға мұнай өнімдерін, табиғи газды және өңделмеген гауһар тастарды бажсыз жеткізу туралы келісімді біржақты бұзамыз», деп қорқытып отыр.

Таңбалар: АрменияМәскеусанкция

Ұқсас мақалалар

Армения шетелде тұратын азаматтарының дауыс беруіне тыйым салды
Жаңалықтар

Армения шетелде тұратын азаматтарының дауыс беруіне тыйым салды

04.07.2026
Мәскеу мұнай өңдеу зауытына Ресей әуе қорғанысының өзі шабуыл жасаған
Жаңалықтар

Мәскеу мұнай өңдеу зауытына Ресей әуе қорғанысының өзі шабуыл жасаған

19.06.2026
Путин Мәскеуге жасалған жойқын дрондар шабуылын елемегендей түр танытты
Жаңалықтар

Путин Мәскеуге жасалған жойқын дрондар шабуылын елемегендей түр танытты

19.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist