26 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дума мектептерге ағылшын орнына қытай тілін ендіргісі келеді

6 Желтоқсан 2022 23:24
- Жаңалықтар, Қайнар
Дума мектептерге ағылшын орнына қытай тілін ендіргісі келеді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 6 желтоқсан. Ресей мемлекеттік думасының депутаттары мектеп бағдарламасынан ағылшын тілін алып тастап, оның орнына ханьзу тілін енгізуді ұсынды. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

«Ресей мектеп оқушылары тілдер үйрену бағдарламасы шеңберінде Мәскеуге «дос» елдердің, мысалы, қытайдың тілін үйренуге тиіс». Думаның қауіпсіздік және жемқорлыққа қарсы әрекет комитетінің мүшесі Бийсултан Хамзаев «Дума ТВ» тілшісімен әңгімесінде тап осылай деді. Бірақ Жөңге басшылығының Ресей еліне қаншалықты «дос» екенін соңғы кездердегі көптеген оқиғалардың сипаты анық байқатып отыр…

«Мен мектеп бағдарламасына міндетті түрде енгізілуге тиісті тіл қытай тілі болуы қажет екеніне принципті түрде сенімдімін». – деп мәлімдеді Хамзаев. Оның ойынша, оқушылардың мектепте жүргенде үйренуге тиісті тілдері арасында араб және испан тілдері де бар.

Депутаттың мектептегі тілдер бағдарламасын қайта қарау жөнінде ұсыныс айтып, инициатива көтеруіне Ресейдің Украинаға басып кіргенінен кейін халықаралық жағдай, ондағы Мәскеуге деген салқын көзқарас, осының бәрінің басында ағылшын тілді қайраткерлердің тұрғаны себеп болған сияқты. Хамзаевтың пікірінше, соғысты қатты айыптап, Украинаға болысып отырған батыс дәулеттеріне қарағанда, Қытай мен араб елдері Кремль билеушілеріне түсіністікпен қарап, едәуір ашықтық пен ымырашылдық танытады.

«Сіздер әлемде қазір не болып жатқанына назар аударыңыздар. Шығыста Ресейді құрметтеу позициясы бар, онда рейтингіміз ұдайы өсіп келеді. Атап айтқанда, саясат солай құрылғандықтан өспейді, қалыпты адамдар Ресейдің бүгінгі таңда ұлттық қауіпсіздігі мен егемендігі тұрғысынан қарағанда, өзінің жеке мүддесін қорғап жатқанын жақсы түсінеді. Сондықтап араб елдері, тұтастай алғанда Шығыс қазір Ресей үшін ашық болып отыр», – деп санайды парламентарий.

Еске сала кетейік. Бийсултан Султанбиевич Хамзаев (көбіне жұртқа Султан Хамзаев ретінде танымал) 1982 жылы 24 мамырда Дағыстанның Хасавюрт ауданында туған. Ұлты – құмық. Яғни түркі тілдес жұрттан. Бұған дейін Мәскеуде екі институттың проректоры болған. Думада бірнеше рет жанжалды ұсыныстар көтеруімен аты шыққан. Мәселен, жастары 21-ге толмаған жастарды спиртті ішімдік ішілетін орындарға кіргізбеу, темекі шекпейтіндердің еңбек демалысы уақытын көбейту, 1-2 қаңтар күндері алкоголь сатуға елде жаппай тыйым салу секілді ұсыныстар айтамын деп, басы біраз дауға қалған.

Айтқандай, құмық жігітінің тағы бір есте қалғаны: биылғы жылдың қаңтар айында ол бүкіл Орталық Азия «орыстың байырғы жерлері» деп соғып жіберіп, «егер Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылса, оған тек қуана қолдау білдіретінін» мәлімдеген. Міне, империялық пиғылдағы шовинизм рухына уланған ұлтқа жағымпаздану мен жарамсақтану дегеннің бір үлгісі осы! Оның түркі тілдес нәсілден болғанының өзі ұят!

Таңбалар: ағылшын тілімектепРесейханьзу

Ұқсас мақалалар

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті
Әлеумет

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті

21.08.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды
Жаңалықтар

Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды

11.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist