25 Тамыз, 09:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

БҰҰ Бас ассамблеясы Газадағы соғысты тоқтату жөнінде қарар қабылдады

28 Қазан 2023 20:10
- Жаңалықтар, Құқық
БҰҰ Бас ассамблеясы Газадағы соғысты тоқтату жөнінде қарар қабылдады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БРЮССЕЛЬ. 28 қазан. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы Газадағы соғысты тоқтатуды тапсырды. Бірақ Израиль оны тыңдайын деп отырған жоқ. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Израиль халықаралық ең үлкен ұйымның қарарын мысқылдай әрі ашу-ызамен қарсы алып, ХАМАС-ты толық жойып жіберуге уәде етті.

БҰҰ-ның Бас ассамблеясы араб елдері атынан Иордания ұсынған Палестина – Израиль жанжал аймағындағы соғысты жедел тоқтату жөніндегі қарарды қабылдады.

Қарар бойынша дауыс берген 193 елдің 120-сы оны қолдады. Бұлардың арасында Қытай, Франция, Испания, Бельгия, Швейцария,  Португалия, Норвегия, Ирландия, Словения, Черногория, Мальта, Гренада, Андорра, Монако, Бразилия, Аргентина, Түркия, Иран, Египет, Сауд Арабиясы, Иордания, Алжир, Марокко, Сирия, Ливан, Йемен, Кувейт, Катар, Оман, Судан, Ресей, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Жаңа Зеландия, Вьетнам, Индонезия, Таиланд, Моңғолия, Ауғанстан, Пәкстан, Шри-Ланка, Непал, Багам аралдары, Комор аралдары, Бахрейн, Барбадос, Белиз, Ботсвана, Бутан, Бруней, Орталық Африка республикасы, Чад, Гана, Гамбия, Габон, Гвинея, Гвинея-Бисау, Зимбабве, Кения, Конго, Конго ДР, Намибия, Нигер, Нигерия, Мали, Мозамбик, Лесото, Сенегал, Сомали, Сьеерра-Леоне, Уганда, Эритерия, Мексика, Колумбия, Гуам, Куба, Перу, Чили, Боливия, Гондурас, Никарагуа, Коста-Рика, Суринам, Доминикан, Джибути, Эквадор секілді елдер бар

Сонымен бірге 14 ел қарардың қабылдануына қарсы шықты. Оларды Израиль, АҚШ, Аустрия, Венгрия, Хорватия, Чехия, Парагвай, Гватемала, Науру, Маршалл аралдары, Микронезия, Папуа – Жаңа Гвинея, Тонго, Фиджи секілді дәулеттер құрады. Тағы 45 ел қалыс қалды. Бұларды Германия, Ұлыбритания, Канада, Нидерланд, Үндістан, Жапония, Корея, Украина, Ирак, Финляндия, Швеция, Болгария, Грузия, Латвия, Эстония, Камерун  сынды көптеген мемлекеттер  түзді.

Сол сияқты Венесуэла, Камбоджа, Түрікменстан, Бурунди, Либерия, Руанда, Бенин, Буркина-Фасо, Сейшель аралдары  сияқты оншақты мемлекеттің өкілі дауыс беруге қатысқан жоқ.

Қарарда Таяу Шығыстағы бұл жолғы соғысты бастап берген ХАМАС-тың  аты аталмайды. Осыған байланысты Канада құжатқа өзгеріс енгізуді ұсынып еді, оны 88 ел қолдағанымен, 55 ел қарсы шықты. Сөйтіп, өзгеріс енбей қалды.

Таңбалар: БҰҰГаза секторықарар

Ұқсас мақалалар

Қырғызстан бірінші рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды
Жаңалықтар

Қырғызстан бірінші рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды

03.06.2026
Щи Трампты Тайваньға орай жанжал туып кетуінен сақтандырды
Қоғам

Біріккен Ұлттар Ұйымы банкроттық жағдайға келіп тіреліп тұр

02.06.2026
АҚШ Ресейдің Балтық жағалауы елдеріне қысым жасауын сынады
Жаңалықтар

АҚШ Ресейдің Балтық жағалауы елдеріне қысым жасауын сынады

20.05.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist