9 Шілде, 03:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бүгін жеңіс Нұрбек Оралбай мен Олександр Хижняктың қайсысына бұйырады?

7 Тамыз 2024 20:47
- Әлеумет, Жаңалықтар
Бүгін жеңіс Нұрбек Оралбай мен Олександр Хижняктың қайсысына бұйырады?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ПАРИЖ. 7 тамыз. Украина бокс жанкүйерлері бүгін Олимпиаданың 80 келіге дейінгі салмағында финалдық жекпе-жек өткізетін қазақ Нұрбек Оралбай мен украин Олександр Хижняктың қайсысы жеңетінін талқыға салып жатыр. Бұл туралы Tribuna ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Олар бүгін түнде Астана уақытымен сағат 01:51-де рингке көтеріледі.  Бұлардың қай жеңгені Олимпиаданың алтын медаліне қол жеткізеді. Біз, әрине, мұндай марапаттың Нұрбекке жасалғанын қалаймыз. Оның қарсыласы өте күшті болса да…

Енді алдымен аталмыш былғары қолғап шеберлерінің осы кезге дейін жеткен жетістіктерін санамалап атап өтейік.

Олесандр Олександрович Хижняк (03.08.1995) – 2021 жылғы Токио Олимпиялық ойындарының күміс жүлдегері, 2017 жылғы әлем чемпионы, Еуропа ойындарының 2019, 2023 жылдарғы чемпионы, 2015 жылғы қола жүлдегері, Еуропаның 2017 жылғы чемпионы, Еуропаның жастар арасындағы 2012 жылғы чемпионы. Әуесқойлар рингінде 150 рет жекпе-жек өткізіп, 133 рет жеңіске жеткен.

Нұрбек Рахатұлы Оралбай (11.06.2000) – әлемнің 2023 жылғы чемпионы, Азияның 2022 жылғы қола жүлдегері, әлемнің жастар арасындағы 2018 жылғы чемпионы, Азияның жастар арасындағы чемпионатының 2018 жылғы күміс жүлдегері. Әуесқойлар рингінде 65 рет жекпе-жек өткізіп, 51 рет жеңіске жеткен.

Украинның танымал Tribuna спорт сайтының Instagram-аккаунтында кешелі бері жергілікті жанкүйерлер екі боксшы арасындағы шайқастың жайын қызу талқылап жатыр. Олардың көпшілігі, жасыратыны жоқ, өз атлеттерінің жеңіске жететініне сенім білдіреді.

Бұдан бұрын украинның кәсіпқой боксшылар арасындағы әлем чемпионы Олександр Усик егер Олександр Хижняк финалда қазақ спортшысын ұтар болса, оған өз қалтасынан $100 мың сыйақы төлеуге, ал күміс медаль алып қалса, $75 мың беруге уәде еткен еді. Осыған орай украин жанкүйерлері оған «Күмісті өзіңе қалдыр, ал Саняда алтын болады», «Сен үздіксің! Алтын – сенікі), «Усик, ақшаны көптеп дайында» деп жазды.

Соған қарамастан, кейбір украин фанаттары жағдайға пессимистік көзқараспен қарап, өз тарландарының жеңіске жететініне едәуір күмән келтіреді. Олардың арасында «Мен қазақ өзіне тиісті алтынды алады деп ойлаймын, дегенмен қателесіп тұрған шығармын деген де үміттемін», «Қазақ мықты, финал өте қиын жағдайда өтеді», «Өте қолайсыз қарсылас. Аямай күш жұмсау керек. Әуесқойлар боксында төрешілердің бүйрегі ауфайтерлерге бұрылып тұратын жаман әдеттері бар» деген жолдар ұшырасады.

«Қазақстандық жанкүйерлердің де пікірлері әр алуан, олардың көпшілігі біздің боксшының шеберлігі жоғары екенін және украин боксшысының «ұрып-жыққыш» қасиеті барын жаппай айтып жатыр», – деп жазады Tribuna сайты.

Украинның Sport.ua сайты жекпе-жектің айқын фавориті ретінде Олександр Хижняк есімін атап отыр.

Olimpbet Arena болса, украин спортшысының осы қасиеттеріне назар аудара келіп, бірақ ставканы Нұрбек Оралбайдың жеңетініне қояды. Ол Нұрбек Оралбай – Олександр Хижняк ұрысында қазақстандық боксшы сенсация жасайды деп есептейді.

Соған қарамастан, қазақстандық букмекерлер Нұрбек Оралбайдың жеңетініне сенбейді, сондықтан олар оның жеңісінің ықтималдылығын шамамен 25%-ға бағалайды. Дегенмен, бұлар оған турнирдің басында да оншалықты сене қойған жоқ еді. Олардың болжамынша, Нұрбек Оралбай жазғы Олимпиада басталғанға дейін фавориттердің 5-тік топы құрамына да кірген жоқ. Ал ол қазір финалға дейін жетіп отыр…

Ал біз сөз соңында Нұрбекке осы шайқас алдында «Мен Қазанға барғанша, қан жаумасын – қар жаусын, мен Қазанға барғасын, қар жаумасын – қан жаусын» деп ұлы жорыққа аттанатын тама Нәріктің ұлы Ер Шораның күш-жігері мен қайсарлығы жұғысты болсын, ұлы бабасының әруағы шындап қолдасын деген тілек білдіргіміз келеді.

Таңбалар: боксНүрбек ОралбайОлександр Хижнякфинал

Ұқсас мақалалар

Қазақ боксшылары Әлем кубогының екінші кезеңін екінші орынмен аяқтады
Жаңалықтар

Қазақ боксшылары Әлем кубогының екінші кезеңін екінші орынмен аяқтады

21.06.2026
Санжар Тәшкенбай Әлем кубогы екінші кезеңінің ең биік тұғырына көтерілді
Жаңалықтар

Санжар Тәшкенбай Әлем кубогы екінші кезеңінің ең биік тұғырына көтерілді

21.06.2026
Назым, Виктория және Абылайхан Әлем кубогы екінші кезеңінің жеңімпаздары атанды
Жаңалықтар

Назым, Виктория және Абылайхан Әлем кубогы екінші кезеңінің жеңімпаздары атанды

21.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist