18 Қазан, 21:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бокс маманы Болат Манкенов Қазақстанның ІВА-дан шығуына қолдау білдірді

16 Шілде 2024 11:18
- Жаңалықтар, Сайыс
Бокс маманы Болат Манкенов Қазақстанның ІВА-дан шығуына қолдау білдірді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 16 шілде. Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының бас хатшысы Болат Манкенов республика Бокс федерациясының ІВА құрамынан шыққанын жөн санайтынын айтты. Бұл туралы 1bol.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Кезінде белгілі боксшы болған білікті маман Қазақстан Ұлттық олимпиялық комитетінің президенті Геннадий Головкиннің бұдан бұрын еліміз Бокс федерациясының алдағы қадамдарына қатысты білдірген ұсынысын қолдайтынын жеткізді.

Ол әлем әуесқой боксының басшылығында жүргендердің көпгілігінің кезінде AIBA атанған, қазір соңғы жетекшінің тұсында ІВА деген атқа тоқтаған халықаралық ұйымның осы кезге дейін быт-шыты шыққанын алға тартты.

Жақында шетелдік басылымдардың біріне Ұлттық олимпиялық комитетінің басшысы, танымал боксшы Геннадий Головкин Қазақстан IBA-ден шығуы керек деп сұхбат берген еді. Бұл пікірге қатысты сарапшылар да ой қосып жатыр. Осыған орай Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының бас хатшысы Болат Манкенов бұл бастама жайлы өз пікірін айтты.

«Толық қолдаймын. Біз АИБА-да өскен баламыз. 100 жылдан астам уақыт бойы қаншама адам сонда жұмыс істеді. Талай аңыз адаммен таныстық. 1980 жылдардан кейін біртін-біртін өзгерістер енгізіле бастады. Бірде шлем кигізді, бірде шешті, екі минуттан бес раунд болды. Үш минут деп өзгертті. Түрлі экспериментті жасап-жасап, ақыр соңында ғасырдан астам тарихы бар ұйымды жоқ қылды. Бұл енді Шығыстың адамдарының тірлігі. Алдымен пәкістандық Анвар Чаудри бастады. Марқұм иманды болсын! Одан кейін Чинг-Куо Ву бұл «үрдісті» жалғастырды. Құрдасым «Шығыста ешқашан футбол дамымайды, себебі ешкім бір-біріне пас бермейді» деп айтушы еді. Енді, міне, Ресей азаматы, ұлты тәжік Умар Кремлев келді. Ол ІВА деп атауын өзгертті, кәсіпқой боксқа кірісіп кетті. Кәсіпқой бокстан әуеқой боксқа барғанда, талай рет кемшіліктерін айттым, өйткені, ережелері жыл сайын өзгеріп отырады. Сонда бәрі мені жақтырмайтын. Осы мәселені Лозаннада өткен жиналыста көтергенмін, бұл сөздерім ұзамай, біздің басшылыққа шағымданыпты. Міне, АИБА-ны құрдымға кетірді», – деді Манкенов.

Бокс маманы Кремлевтің басты қателігін де айтты. Оның жарғыны бұзуы ұйымның да, спортшылардың да тағдырына әсер етті деп отыр.

«Кремлев келген соң жарғыны бұзбауы керек еді. Себебі, жарғы бойынша Ресей мен Беларусь боксшыларына ешқандай тыйым жоқ еді. ХОК басшылығында кім отырса да, ереже бұзғандарға қатысты шара қолданады», – дейді ол.

Сонымен қатар ережелердің жиі өзгеруі спортшыларды зорықтырып, жанкүйерлер қызығушылығын төмендетті деп санайды.

«70-80-жылдардағы ережелерді енгізетін шығар. Күнтізбенің де быт-шыты шықты. Бұрын төрт жылда бір рет Олимпиада ойындары өтсе, төрт жылда бір рет әлем біріншілігі ұйымдастырылды. Екі жыл сайын құрлық чемпионаттары өтті. Ал қазір көбейіп кетті. Жекпе-жек болғандықтан, спортшылардың жарақат алатыны бар, болдырып қалады дегендей. Одан қалды агрессия артты. Ребрендинг деген де сәнге айналды. Соның бәрі боксқа кері әсерін тигізіп жатыр. Біздің кезде А санатындағы турнир деген болатын, стадион деген толып отырады. Ереже де, бокс қолғаптары да – бәрі жақсы болды. Қазір Олимпиада ойындарын қарасаң, бокс жарыстарында аренада адам жоқ, қатысушылар ғана жүреді», – дейді Болат Манкенов.

Таңбалар: IBAбоксБолат Манкенов

Ұқсас мақалалар

Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі
Жаңалықтар

Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

16.10.2026
«Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?
Жаңалықтар

«Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

06.10.2026
Боксшы Оралбай Азиада-2026-да командаға екінші алтын медаль алып берді
Жаңалықтар

Боксшы Оралбай Азиада-2026-да командаға екінші алтын медаль алып берді

02.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist