26 Тамыз, 00:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бокс. Әлем чемпионаты. Тоғызыншы күн: бес жекпе-жек, төрт жеңіс

9 Мамыр 2023 22:08
- Жаңалықтар, Сайыс
Бокс. Әлем чемпионаты. Тоғызыншы күн: бес жекпе-жек, төрт жеңіс
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАШКЕНТ. 9 мамыр. Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының тоғызыншы күні Қазақстанның бес боксшысы рингке шығып, олардың төртеуі жеңіске жетті. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Бүгін чемпионаттың тоғызыншы күнінде шаршы алаңға 51, 54, 67, 71, 75, 80 келіге дейінгі салмақтардағы боксшылар көтеріліп, 1/8 финалдық текетірестерге қатысты.

Осы күні бізден күндізгі сессияда 71 келіге дейінгі салмақтағы команда капитаны Асланбек Шымбергенов израильдік Мирослав Капулермен, 80 келіге дейінгі салмақтағы Нұрбек Оралбай түрік Каан Айкутсынмен кездесіп, екеуі де қарсыластарынан 5:0 есебімен басым түсті. Асланбек бәсекелесін үшінші раундта бір рет нокдаунға да түсірді.

Кешкі сессияда да біздің екі боксшымыз қарсыластарынан 5:0 есебімен басым түсті. Жарыс жолын 54 келіге дейінгі салмақтағы Махмуд Сабырхан мен үндістандық Сачин Сачин ашты. Шайқас барысында Махмуд бірінші раундта жеңіп шыққанымен, екінші раундта инициативаны қарсыласына беріп қойды. Дегенмен, соңғы раундты өте жоғары қарқынмен өткізіп, жеңістің өзінікі екеніне ешкімнің күмәнін келтірмеді. Содан кейін 67 келіге дейінгі салмақтағы Дулат Бекбауов келесі бір үндістандық Акаш Акашпен қолғап түйістірді. Ол бірінші раундта ұтылып тұрды. Бірақ келесі раундтарда сол олқылықтардың орнын толтырды.

Өкінішке қарай, 75 келіге дейінгі салмақтағы Нұрқанат Райыс бразилиялық Уандерей Перейрадан аса алмады. Үш раундта да есе жіберген ол 0:5 болып ұтылды.

Осымен, алтыншы боксшымыз жарыс жолынан шығып қалып отыр.

Ертең, 10 мамырда 1/4 финалдық жекпе-жектерге кезек келеді. Оған бізден 7 боксшы қатысады.

Бұған дейін бізден 48 келіге дейінгі салмақтағы Санжар Тәшкенбай, 57 келіге дейінгі салмақтағы Серік Теміржанов және аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалға шығып қойған болатын. Соның ішінде Санжар – жапон Казума Аратакемен, Серік – кубалық Дель-Рей Сайдел Орта Родригеспен, ал Қамшыбек өзбек Баходир Жалоловпен «медальдар ауылына» қарай өту үшін күш сынасады.

Сол сияқты 54 келідегі Махмуд Сабырхан – ганалық Мохаммед Амадумен, 67 келідегі Дулат Бекбауов – мексикалық Мигуель Ангел Мартинеспен, 71 келідегі Асланбек Шымбергенов – франциялық Макан Троаремен, ал 80 келідегі Нұркен Оралбай иорданиялық Эйшайш Хуссейн Йашайшпен қолғап түйістіреді.

Бұл жұптарда жеңіске жеткендер, әлбетте, кемінде қола медаль алады.

Ертең,11 мамырда боксшылар тынығады. Одан ары, 12 мамырда жартылай финалдық айқастар өтеді, ал финал 13-14 мамыр күндері ойналады.

«Қазспорт» телеарнасы ертең, 10 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 18:55-22:30 аралығында чемпионаттан трансляция жасайды. Онда 48, 54, 60, 67, 75. 86 келіге дейінгі және 92 келіден ауыр салмақтардағы ширек финалдық жекпе-жектер көрсетіледі.

Суреттерде: 1.Нұрқанат Райыс үзіліс кезінде;  2.Асланбек Шымбергенов рингте;  3.Нұрбек Оралбай рингте; 4.Махмуд Сабырхан рингте; 2.Дулат Бекбауов рингте

 

Таңбалар: әлем чемпионатыбоксқазақ боксшыларыТашкент

Ұқсас мақалалар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды

24.08.2026
ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады
Жаңалықтар

ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады

22.07.2026
Англия мундиал қола медалі үшін таласта Францияны ту-талақай етіп ұтты (видео)
Жаңалықтар

Англия мундиал қола медалі үшін таласта Францияны ту-талақай етіп ұтты (видео)

19.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist