26 Тамыз, 15:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бішкек пен Душанбенің өзара қырқысуы кімдерге тиімді?

4 Мамыр 2021 17:46
- Жаңалықтар, Таным
Бішкек пен Душанбенің өзара қырқысуы кімдерге тиімді?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БАКУ. 4 мамыр. Қырғызстан мен Тәжікстанның бір-бірімен қақтығысуы кімдер үшін тиімді? Әзербайжанның Caliber.az порталы тілшісінің бұл сұрағына қырғызстандық саясаттанушы, аймақ қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы Марс Сариев (суретте) жауап берді.

Еске сала кетейік, қырғыз-тәжік жанжалының бұл жолы өршуіне су бөлісі негізгі себепкер болды. Су – Орталық Азия елдері үшін ең шетін де ауыр мәселелердің бірі. Алдағы уақытта оның төңірегіндегі дау-дамай көбеймесе, азая қоймайтын түрі бар.

Саясаттанушы Марс Сариев болса, «проблема судан шыққанымен, одан да басқа бас ауыртатын жайттардың» бар екеніне сенімді.

– Қырғызстанның Баткен облысы Тәжікстанның Соғды облысымен шектеседі. Бұл аймақта қордаланған күрделі мәселелер кеңес кезеңінен бері келе жатыр. Шекараны делимитация және демаркация жасау ісі толық аяқталған жоқ, үйлер тура шахмат тақтасындағы тәртіппен орналасқан. Кейбір үйлер Қырғызстан жерінде болса, бау-бақшалық жерлері тәжік территориясында тұр, шекара тура жолдың бойымен өтетін жерлер де көп. Мына жанжал бірінші рет болып отырған жоқ. Бірақ бұл жолы тәжік тарапынан бейбіт елді минометтен атқылау орын алды. Біздердікі отты қарумен жауап берумен ғана шектеліп, одан арыға бармады. Дегенмен, екі тәуліктік уақыт барынша шиеленісті жағдайда өтті. Мен жанжалды тәжік тарапы алдын ала жоспарлап жасады деп ойлаймын.

Екі ортада су беретін «Головная» деген су ауласы станциясы бар. Ол Қырғызстан территориясына орналасқан. Суды Қырғызстан мен Тәжікстан жақтары белгіленген кесте бойынша алып тұрады. Кенет тәжік тарапы біз жаққа бейнекамера бағандарын орнатып, судың деңгейін өлшей бастады. Бұл біздің шекарашыларды, сосын, әрине, жергілікті тұрғындарды қанағаттандырған жоқ.

Осылайша жанжалды жағдай ұлғая берді. Сол кезде Тәжікстан жағы бес заставадағы қырғыз шекарашыларын атқылай бастады, іске миномет қосылды. Бір застава жанып кетті. Қырғыздар жағы бұған жауап ретінде тәжік шекара заставасын басып алды. Екі жақта да қаза тапқандар бар, жарақат алғандар тіпті көп. Ахуал осылай шиеленісе түсті.

Бұлардан басқа, бізде тағы анклав мәселесі де өткір күйінде тұр. Бұған қоса, Қырғызстан су қоймасын салуға ниет білдіріп отыр. Олай болатыны, өзендердің барлығы біздің таулардың басынан басталады, су біздің жерімізден өтеді. Мен осының бәрі тәжік азаматтарын «Головная» станциясын басып алуға итермеледі ғой деп ойлаймын.

– Қырғызстан да, Тәжікстан да бір әскери альянс – Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымына кіреді ғой.

– Иә, солайына солай. ҰҚКҰ-ның кезекті отырысы соның алдында ғана Душанбеде өткен болатын. Әлбетте, бұл жанжал Тәжікстанға да, Қырғызстанға да абырой әпермейді. Мен қақтығысқа Тәжікстанды үшінші бір күш итермелеп, айдап салып отыр деп ойлаймын.

Кезінде Тәжікстанда азамат соғысы жүріп жатқанда, босқындардың сыртқа қашып шығуының дәлізін тап Қырғызстан жасап беріп еді, олардың бұдан басқа жолы болған жоқ. Бішкекте тәжік оппозициясы мен билік кездесіп, бірлескен хаттамаға қол қойған-ды. Ал қазіргі жасалып жатқан әрекеттер Тәжікстанның өз еркі өзінде емес екенін байқатады. Мұнда аймаққа қатысты үлкен геосаяси ойындар жүріп жатыр. Тәжікстан өзінен өзі тұрып, Қырғызстанға ашықтан-ашық қарсы шығып, бұлайша оқ жаудыра алмаған болар еді.

– Қазірдің өзінде Ресейді екі ортаға қазы етіп тарту жайында сөз қозғалып жатыр. Бірақ бұл жерде туындайтын мынадай бір сұрақ бар: болған оқиғалар кімдер үшін тиімді?

– Қазір Тәжікстанда болып жатқан оқиғалар, менің көзқарасымша, Оңтүстік Кавказда орын алған былтырғы оқиғалардың айна-қатесіз көшірмесі сияқты. Онда Армения түрік дүниесінің қоршауында қалса, мұнда парсы тілді Тәжікстан да тап сондай қоршауда тұр. Душанбе кезінде Оңтүстік Кавказда болып жатқан жайларды мұқият қадағалап отырды, себебі, түрік компонентінің күшеюі Орталық Азияға да өзінің әсерін береді. Ал қазір Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынасты күшейту жүріп жатыр, Түрік кеңесі дамып келеді, мұның бәрі парсы тілді Тәжікстанды мазасыздандырмай қоймайды. «Ұлы Тұран» идеясының көтеріле бастауы жалғыз Тәжікстанды ғана емес, біз осы кезге дейін «дос» санап келген басқа елдерді де кәдімгідей үрейлендіріп, алаңдата бастаған сияқты. Солардан рух алған, сыр алған, солардың айтақтауына ерген Тәжікстан ақыры осылай бұрқ ете түсті. Иә, бұл – геосаяси ойын, демек, оның өз ойыншылары да бар. Орталық Азияда жанжалдың өрістеуі кімге тиімді? Мұны сол қозғайды. Дегенмен, сол құпия ойыншы бұлайша ұдайы жасырынып жүре алмайды, мен көп ұзамай оның кім екенін де білетін боламыз деп ойлаймын.

Таңбалар: қақтығысҚырғызстансараптамаТәжікстан

Ұқсас мақалалар

Тбилисиде ресейлік турист әйелдер мен жергілікті шерушілер қақтығысып қала жаздады
Әлеумет

Тбилисиде ресейлік турист әйелдер мен жергілікті шерушілер қақтығысып қала жаздады

13.07.2026
Тәжік футболының жарық жұлдызы Владимир Гулямхайдаров қайтыс болды
Жаңалықтар

Тәжік футболының жарық жұлдызы Владимир Гулямхайдаров қайтыс болды

16.06.2026
Қырғызстан бірінші рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды
Жаңалықтар

Қырғызстан бірінші рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды

03.06.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist