18 Қазан, 11:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бишімбаев соты: Байжановтың телефонынан Қуандықтың өсиеті табылды

17 Сәуір 2024 21:45
- Жаңалықтар, Руханият
Бишімбаев соты: Байжановтың телефонынан Қуандықтың өсиеті табылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 17 сәуір. Астанадағы сот отырысында айыпталушы Бақытжан Бишімбаевтың телефонынан келесі айыпталушы Қуандық Бишімбаевтың өсиеті табылып оқылды. Бұл туралы Stan.kz дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бишімбаев пен Байжановқа қатысты сот отырысында екінші сотталушының ұялы телефонын тексерілді. Тексеру барысында телефон галереясынан Бишімбаевтың өсиет хатының видеосы табылды.

Мемлекеттік айыптаушы Байжановтың ұялы телефонын қосып, өткен жылдың 9 қарашасындағы кіріс және шығыс қоңыраулар тізімін жариялады. Содан кейін прокурор телефон галереясын зерттеуге кірісті. Онда Бишімбаевтың өз өсиеттерін білдірген видеосы табылды.

«Мен барымды, барлық есепшоттарымды, байлығымды балаларыма, Назымға (Бишімбаевтың бұрынғы әйелі), Мансұрға, Кәрімге және Ранияға қалдырамын», – делінген видеода.

Байжанов түсіндіргендей, видео BAU ресторанына «жедел жәрдем» келгеннен кейін түсірілген. Ол сондай-ақ Бишімбаевтың өзі видеоны түсіруді сұрағанын айтты.

Алғашында Бишімбаев өсиет туралы есінде жоқ екенін жеткізді. Алайда кейінірек судья Айжан Көлбаеваның сауалына жауапкер бұл видеоның қай жерде және қашан түсірілгенін айтып берді.

«Иә, есіме түсті. Олар мен пышақпен өзіме қол салайын деп жатқан кезде Бақытжанға: «Егер маған бірдеңе болса, ата-анама және Назымға осыны жеткіз» деп айттым. Жалпы, маған бірдеңе бола қалса, балаларға қарасын дедім», – дейді Бишімбаев.

Сондай-ақ сот отырысында мемлекеттік айыптаушылар Бишімбаев BAU мейрамханасында дәретхананың есігін сындырған темір штативті көрсетті. Прокурор Айжан Аймағанова штативтің айтарлықтай ауыр екенін атап өтті.

«Байқасаңыздар, бұл заттың салмағы ауыр. Оны көтеру мүмкін емес. Сарапшының қорытындысына сәйкес, бұл штативпен есікке 25 соққы арқылы тесік жасалған. Біріншіден, оны қандай күшпен көтеру керек…», – деді мемлекеттік айыптаушы.

Айта кетейік, бұған дейін Салтанат Нүкенованың құрбысы сотта куәгер болып, екеуінің алмасқан хаттары оқылған еді.

Еске салайық, Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған ресторанның директоры Бақытжан Байжанов та тұтқындалды.

Таңбалар: Бақытжан БайжановҚуандық Бишімбаевөсиет

Ұқсас мақалалар

Қуандық Бишімбаев жазасын Ақмола облысындағы колонияда өтейді
Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаев жазасын Ақмола облысындағы колонияда өтейді

20.07.2024
Прокурор Бишімбаевтың неге өмір бойына сотталу жазасын алмағанын айтты
Жаңалықтар

Прокурор Бишімбаевтың неге өмір бойына сотталу жазасын алмағанын айтты

14.05.2024
Адвокат Оразбақова: Байжановтың үкімі қазақ қоғамына сабақ болуы тиіс
Әлеумет

Адвокат Оразбақова: Байжановтың үкімі қазақ қоғамына сабақ болуы тиіс

14.05.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist