17 Қазан, 05:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Берлин КСРО мемориалдарындағы жазуларға өзгертулер енгізгісі келеді

31 Мамыр 2026 23:26
- Жаңалықтар, Қоғам
Берлин КСРО мемориалдарындағы жазуларға өзгертулер енгізгісі келеді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БЕРЛИН. 31 мамыр. Германияның байтағы – Берлин қаласының депутаттары осындағы КСРО соққан мемориалдағы жазуларға біршама толықтырулар қосу керек екенін алға тартып отыр. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Берлин депутаттар палатасындағы Германия Социал-демократиялық партиясы (СДПГ) мен «Жасылдар» партияларының өкілдері Иосиф Сталиннің «Трептов-паркте» тұрғызылған КСРО мемориалындағы дәйексөздерін Молотов-Риббентроп пактісіне орай жасалған зұлымдықтар туралы ақпаратпен толықтыруды ұсынады.

Берлин депутаттар палатасында СДПГ өкілдері кеңес сарбаздарына арналған мемориалға жазылғанСталиннің сөздерін кеңестік диктатордың қылмыстары туралы ақпаратпен толықтыруды, бұл үшін жаңа ескерткіш тақталар немесе QR кодтарын орнатуды талап етті. Мұның жай-жапсарын 31 мамыр, жексенбі күні «Welt am Sonntag» газеті кеңінен баяндады.

СДПГ аталмыш мемориалға 1939 жылы тамызда КСРО мен фашистік Германия арасында жасалған Молотов-Риббентроп пактісі туралы ақпаратты қосуды қажет деп санайды. Осы Келісімге құпия қосымшада Сталин мен «Үшінші Рейхтің» билеушісі Адольф Гитлер екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Шығыс Еуропаны өзара бөліске салған болатын. Соның нәтжесінде КСРО 1939-1940 жылдары Польшадан Батыс Украина (Львов, Тернополь, Ивано-Франковск, Луцк, Ровно) мен Батыс Белоруссияны (Минск, Брест, Гродно облыстары), Румыниядан Бессарабия (Молдованы) мен Солтүстік Буковинаны тартып алды, Балтық бойындағы үш мемлекет – Эстонияға, Латвияға, Литваға басқыншылықпен басып кірді, ал Финляндиямен жүргізілген соғыстың соңында оның Карелия бөлігін алып қойды. 1945 жылы Закарпатье Совет Одағы құрамына күштеп енгізілді.

«Сталиннің монументалды дәйексөздері Кеңес Одағын бейбіт мемлекет ретінде бейнелейді және осылайша Польшаға, Балтық жағалауы елдеріне және Финляндияға қарсы кеңестік агрессияны жасырады, оның гитлерлік Германиямен келісілген қитұрқы, астыртын әрекеттері сыни талдауды қажет етеді», – деді Берлин парламентінің СДПГ-дан сайланған депутаты Александр Фрайер-Винтерверб.

Мұнда мұртты тиранның: «Идеология дружбы народов одержана полную победу над идеологией зверинного национализма и расовой ненависти гитлеровцев» («Халықтар достығының идеологиясы гитлершілердің жабайы национализмі мен нәсілдік жеккөрушілік идеологиясын толық жеңіп шықты») деген сөздері тасқа ойылып жазылған (екінші суретте).

Социал-демократтар бұл бастаманы «сыни контекстуализация» деп атады. Олар сондай-ақ Берлинге шабуыл жасау кезінде қаза тапқан кеңес жауынгерлерінің есімдеріне, сондай-ақ олардың жерленген жерлеріне «құрмет көрсетуге және көрінетін етуге» шақырды. «Қазір адамдар бұл жерлерде футбол ойнайды, сыра ішеді және осы көрінбейтін қабірлердің үстінде күн шуақтап отырады», – деп жазады «Welt am Sonntag» газеті «Трептов паркі» туралы.

Оның мәліметтері бойынша, берлиндік «жасылдар» «соғыс мемориалдарын ұлтшылдық, реваншистік немесе әскерилендірілген мақсатта заңсыз пайдаланудың тиімді алдын алу» жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуге шақырып, осындай қарар жобасын ұсынып отыр.

«Кеңестік соғыс мемориалдары сталинизм қалыптастырған тарихқа біржақты көзқарасты көрсетеді», – деді Андреас Отто. Ол 20 жыл бойы Берлин парламентінде «жасылдар» атынан отырған.

Таңбалар: Берлиндепутаттаркеңес мемориалдары

Ұқсас мақалалар

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті
Әлеумет

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

15.10.2026
Саяси партиялар Құрылтай депутаттарының тізімін бекітіп берді
Әлеумет

Саяси партиялар Құрылтай депутаттарының тізімін бекітіп берді

27.08.2026
Днестр бойы «депутаттары» Ресейді «Молдова қысымынан» қорғауға шақырды
Әлеумет

Днестр бойы «депутаттары» Ресейді «Молдова қысымынан» қорғауға шақырды

28.02.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

    Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist