26 Тамыз, 00:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Байден Ресейге салынған санкцияларды Трамп бұза алмайтындай етті

16 Қаңтар 2025 11:20
- Жаңалықтар, Жаһан
Байден Ресейге салынған санкцияларды Трамп бұза алмайтындай етті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

УАШИНГТОН. 16 қаңтар. АҚШ президенті Джо Байден келесі келетін билік Ресейге салынған санкциялардың күшін бұза алмайтындай шешім қабылдады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Джо Байденнің әкімшілігі қызметінен кетуден бірнеше күн бұрын өз орындарына келетін мұрагерлерге Ресейге қарсы негізгі санкцияларды жеңілдетуге жол бермейтін 2017 жылғы заңға сүйеніп, жаңа шешім шығарды. Ережеге сәйкес, Конгресс шектеулерді алып тастауға тосқауыл қоя алады, ал екінші реттік есеп бойынша жасалған санкцияларды қолдануға міндетті болады.

Сәрсенбі күні АҚШ Қаржы министрлігі жариялаған шараларға сай, Ресейдің ең ірі қару-жарақ жасаушы өнеркәсібінің бірі – «Тактикалық зымыран қарулары» зауытынан бастап Мәскеу биржасына дейінгі 100-ге тарта ең маңызды қаржы, энергетика және қорғаныс компаниялары санкцияның жаңа тізіміне қосылады. «Атқарушы билік айыпталушылардың кез келгенін алып тастағысы келсе, Конгресс мұндай шешімді 30 күн ішінде қарауы керек. Егер ол оны мақұлдамаса, тізімнен шығаруға тыйым салынады», деп жазады Financial Times.

Заң шығарушыларға берілген мұндай өкілеттік 2017 жылы Ресей АҚШ сайлауына араласқаннан кейін қабылданған «Американың қарсыластарына санкциялар арқылы қарсы тұру туралы» заңға (CAATSA) сәйкес келеді. Байден әкімшілігі оны жаңа санкциялар тізімі үшін заңнамалық негіз ретінде пайдаланды. Бұл конгрессмендерге Дональд Трамптың Байден әкімшілігі Ресейдің әскери-өнеркәсіптік әлеуетін әлсіретуге бағыттаған іс-қимылдарын кері қайтару әрекеттерін тоқтатып тастауға мүмкіндік береді.

Бұған қоса, CAATSA-ға санкцияларды байланыстыру жаңа әкімшіліктің қолданыстағы шараларды орындаудағы дискрециясын азайтады. Енді санкцияланған ұйымдардың қызметін біле тұра жеңілдететін компанияларға екінші реттік санкцияларды енгізу міндетті болып табылады.

АҚШ сондай-ақ санкцияланған тауарлар үшін трансшекаралық төлемдерді жеңілдету үшін Ресей мен Қытайда «аймақтық клиринг платформаларын» құрған 15 ұйымға да санкция салды.

Таңбалар: АмерикаБайденРесейсанкция

Ұқсас мақалалар

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті
Әлеумет

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті

21.08.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды
Жаңалықтар

Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды

11.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist