18 Қазан, 08:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Атамбаевқа өмірлік мерзім жазасы берілуі мүмкін

13 Тамыз 2019 19:08
- Құқық
Атамбаевқа өмірлік мерзім жазасы берілуі мүмкін
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Алматы, 13 тамыз. Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 7-8 тамыздағы Қой-Таштағы жағдайға қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында кісі өлтіру мен басқа да ауыр қылмыстар жөнінде айыптар тағылуда. Бұл туралы Қырғыз телеграф агенттігінің (ҚырТАГ) дерегіне сүйенген ҚазТАГ хабарлады.
«Атамбаевқа тағылып жатқан осыншалықты ауыр қылмыстардың жиынтығы оны өмірлік түрмеде отыру жазасына апаруы мүмкін екенін түсіну үшін заңгер болудың керегі жоқ», – деп мәлімдеді құқық қорғаушы Рита Қарасартова РИА «Новостиге» сейсенбі күні берген сұхбатында.
«Бүгін Атамбаевқа айыптар тағылды. Ұйымдастырушы ретінде Атамбаевқа ҚР ҚК баптарымен қарастырылған бірқатар қылмыс бойынша айыптар тағылды – «Билік өкіліне қатысты қауіп немесе зомбылық», «Прокурор, тергеуші, тергеу органының өкілетті лауазымды тұлғасының қызметіне кедергі келтіру», «Жаппай тәртіпсіздік», «Адам өлімі», «Адам өлтіруге оқталу», «Кепілге алу», «Заңсыз қару-жарақ айналымы», – деп мәлім етті ҚР бас прокуроры Откурбек Джамшитов сейсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Ол атап көрсеткендей, 7-8 тамыздағы Қой-Таштағы жағдай бойынша қылмыстық істің тергелуі президент Сооронбай Жээнбековтың жеке бақылауында.
Бас прокурор Атамбаевтың мүлкі қамауға алынған, қамауға алынған мүлік тізімі 120 тармақтан тұратынын растады.
Бұған дейін хабарланғандай, Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев ұсталып, мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу оқшаулағышына қамауға алынған болатын.
Еске салсақ, 7 тамыз күні кешкісін Шу облысы Аламадун ауданы Қой-Таш ауылында Атамбаевты ұстау бойынша арнайы операция басталған еді. Атамбаевтың жақтастары қарулы қарсылық танытқан, жалпы 40-тан астам адам зардап шеккен. Арнайы жасақ жауынгерінің біреуі оққа ұшты. Шу облысы МІІБ бастығының жағдайы ауыр халде қалып отыр.
Жағдайға түсінік берген Қырғызстан президенті Жээнбеков, «егер кешегі күнге дейін Атамбаевты тергеушіге куәгер ретінде шақырса, енді оған аса ауыр қылмыс бойынша күдікті ретінде қарайтын болады» деді.
Жогорку Кенеш 27 маусымда Атамбаевты экс-президент және қол сұғылмаушылық мәртебесінен айырды. Оған депутаттық комиссия қорытындысы негіз болды. Олар Атамбаевқа алты тармақ бойынша айып тақты, оның бесеуін бас прокуратура мақұлдады.
Атамбаевты бес эпизод бойынша жауап алу үшін ұстауға тырысуда: заңдағы ұры А.Батукаевты босату дерегі бойынша; Қой-Таш ауылында Атамбаевтың үйі орналасқан жер теліміне қатысты; экс-президенттің салықтық декларациясы бойынша; «Бішкек қаласының ЖЭО жаңғырту» жобасын дайындау, қол қою және жүзеге асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық; Бішкек ЖЭО-ға заңсыз көмір жеткізуге және «Рассвет Компани» мен «Прогресс Компанидің» қосылуына Атамбаевтың қатыстылығы дерегі бойынша.
Атамбаевтың өзі тағылған айыптардың бірде-бірін мойындамады және оны ұстауға тырысқан жағдайда қорғануға ниетті екенін мәлімдеді. «Менің атыма жазылған қаруым бар», – деп мәлім етті Атамбаев.
Атап өтетін жайт, Атамбаев үш рет түсінік беруден бас тартқан.

Таңбалар: айыпАлмазбек Атамбаевжазақылмыс

Ұқсас мақалалар

Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ
Жаңалықтар

Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

02.09.2026
Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды
Жаңалықтар

Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

24.08.2026
Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенова 8 жылға сотталды
Жаңалықтар

Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенова 8 жылға сотталды

18.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist