25 Тамыз, 18:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

 Арыстың атпал азаматы – Алмас Шүкірбеков

Ауылына қарап, азаматын таны

10 Маусым 2022 13:33
- Аймақ, Жаңалықтар
 Арыстың атпал азаматы – Алмас Шүкірбеков
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Жүйткіген көлікпен Арыс қаласында келеміз. Қалалық мәслихаттың маманы Сағи мырза – жолбастаушы. Бағытымыз – қалада ашылған үлкен жобаны көру. Кәсіп ашқан Арыстың азаматы Алмас Шүкірбеков туып-өскен мекенін көркейтіп, қаланың тынысына, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік бағытта серпіліс жасауға өз үлесін қосып жүр.

Атақ пен айқайды, даңқ пен дабыраны жаны сүйе қоймайтын жандар болады. Бірақ олардың істеген ісі – ілкімді, шаруасы – мұхит. Тіршілігіне кісі қызығар, пайым-парасатына жан сүйсінер. Әсілінде, адамның адамшылығы мейірімі мен көңіл шуағының өзінен артылып, өзгеге сәулесін түсіруінде, ары мен жанын ізгілікке толтыра білуінде сияқты. Ұрпағына берер ұлағаты өзінің қимыл-қарекетіне сай, білім-білігі бүгінгі берекетінің айғағы болса, мерейі одан әрі үстем бола бермек. Экономиканың драйвері ауыл шаруашылығы мен туризмді өркендету жолға қойылған уақытта еңбекқор жан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін терең түсініп, отбасылық бизнестің табыс көзі негізінде «Мубарак-Агро» шаруа қожалығының құрылыс жұмыстарын жүргізу үстінде.

Түркістан облысы Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылдық округінде іске қосылған «Мубарак Агро» шаруа қожалығында ауыл шаруашылығы мен туризм дамытылады деп жоспарланған. 2021 жылы ғана жұмысын бастаған серіктестік бүгінгі таңда 700 бас ғиссар асыл тұқымды қойын өсіріп отыр. Одан бөлек, 60 бас жылқысы тағы бар. Ата кәсіпті қайта жандандыруды мықтап қолға алған серіктестікке қазірдің өзінде 200 млн теңге инвестиция тартылған.

Шаруа қожалығының төрағасы Алмас Шүкірбеков алдағы уақытта 500 басқа арналған мал бордақылау алаңын ашуды жоспарлапты. Сонымен қатар, қожалық егесі бұл жерді демалыс орнына айналдыру үшін құс және балық шаруашылығын дамытуды көздеуде. Осы мақсатта ол қожалық аумағынан тауық, қырғауыл, тауыс (павлин), үйрек, қаз сынды 9 түрлі құс түрін өсіріп, бұған қоса, балық шаруашылығын дамытуды қолға алмақ.

Алмас Шүкірбеков демалыс аумағында туристерге 3 үй, келушілерге арналған киіз үй, заманауи үлгідегі монша, бассейн, футбол және балалар ойыны алаңшаларын салып, этноауыл ашуды жоспарлаған. Демалыс аумағын абаттандыру мақсатында биыл аталған қожалық иесі 8 гектар аумаққа бау-бақша өсірмекші. Атап айтқанда, 4000 түп (жиде, терек, тұт, қарағаш) тал егілсе, биыл жылы көктемде 10 000 түп (алма, жүзім, өрік, алмұрт, жаңғақ) егу межеде бар.

Айта кетейік, құны 1 миллиардтан астам теңгені құрайтын серіктестіктің жалпы жер көлемі – 12 гектар. Жоба аясында 50-ге жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылады.

«Кәсіпті жақында бастадым. Қандай істе болсын тәуелкелділікке барып, аласармас биік мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында аянбай еңбек ете бермекпін. Арыс қаласында осындай керемет жоба жүзеге асып жатса, табиғи таза, өнім, саф ауа, жайлы орын, келген қонақтың немесе туристің көңілінен шығу міне біздің ұжымның басты ұстанымы болмақ», – деп түсіндірді Алмас Шүкірбеков бізге.

«Мен ешкімнің ала жібін аттамай, берекелі ғұмыр кешуді ұстаным етемін. Қандай жетістіктерге жетсем де, ол – халықтың арқасы екенін әркез есімнен шығармаймын. Мамандығым – құрылысшы. Отбасым осы кәсіпті бастарда үлкен қолдау білдірді. Отбасыма келетін болсақ, әкем Шүкірбеков Момын Шәріпбекұлы өмірден ерте кетті. Мамандығы есепші еді, өзінің саналы ғұмырын есеп-қисап саласына арнады. Ол кісінің сүйікті ісі аңшылық-тын. Әкем мені әскери мектепте оқытты. Отан алдымдағы борышымды өтеп келген соң, шекара қызметінде еңбек еттім. Кейін «Мубарак Агро» шаруа қожалығын құруды ойлап, кәсіп ашуға бел будым. Мұны түгелдей өзіміздің маңдай терімізбен келген еңбек деп толық айта аламын. Елге тигізер пайдам, өз азаматтарымызды жұмыспен қамтып, қаламызда этноауыл ашылса деген ниетім мен ойым. Анам Әуелбекова Тіллә Шәрімқызы әкеміздің орнын жоқтатпай, аналық мейірімі, біздің амандығымызды Алладан тілеген асыл жан», – деді кәсіпкер сосын.

Ол өздерінің осы күнге жетулері аналарының арқасы екенін ерекше бір толқу үстінде айтады. Әкеден жастай алған бес балапанды шынында анасы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, біз өзі тістелеп жүріп өсірген.

«Анамыз бесеуімізді өсірді, шаңырақтың шаттығына бөленіп екі қыз, үш ұл тәрбиелендік. Батыр есімді ағам, Нәзира әпкем, Әділ есімді інім және Азиза есімді қарындасым бар. Өзім де отбасымның іргетасын Әйгерім есімді арумен қалап, қазақтың қаракөз қызын әулетіме келін етіп, Айша, Мубарак, Хадиша есімді ұл-қыз тәрбиелеп отырмыз. Осы шаруашылықтың да атын ұлымның құрметіне қойдық. Бұйырса, бастаған кәсібімізді жандандырып, Арыс қаласын көркейту жолында үлес қосқан азамат ретінде тарихта қалсам деймін. Біздің кәсібімізге көркейтуге үлес қосқан Бейбітхан, Махамбет, Ыхтияр есімді азаматтардың еңбегі орасан зор. Адалдықтың исі аңқыған жерде әрқашан табыс пен парасаттың туы желбірейді», – деді Алмас Шүкірбеков бізге содан әрі.

Елдің ақ батасын алып жүрген, қайырымдылықты да жүйелі жоспарға қойған Алмас Момынұлы құрылыс саласы бойынша облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің «Құрмет грамотасын» алып, қала әкімі Г. Құрманбекованың қолынан «Арыс қаласын көркейтуге үлес қосқаны үшін» төсбелгісін алып, мерейі үстем болды. Елдің елеулі азаматының пікірімен біз де келісіп, басталған кәсібіне береке тілеп, сапарымызға аттанып кеттік.

Жансая НҰРҚОЖА,

Арыс ауданы,

Түркістан облысы

Таңбалар: АзаматАлмас ШүкірбековАрыс

Ұқсас мақалалар

Сыр бойының айтулы азаматы өмірден өтті
Жаңалықтар

Сыр бойының айтулы азаматы өмірден өтті

12.04.2026
А З А М А Т
Жаңалықтар

А З А М А Т

25.05.2024
КӨРДІМ…
Руханият

ДҮНИЕ СУ БОП АҚПАЙ МА?

05.08.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist