11 Тамыз, 06:08
RAST.kz
USD USD 466.08 ₸
EUR EUR 538.56 ₸
RUB RUB 5.65 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

АҚШ сенаторлары Ресейге қарсы «тозақ санкцияларын» енгізуге бет бұрды

11 Шілде 2026 18:52
- Дәулет, Жаңалықтар
АҚШ сенаторлары Ресейге қарсы «тозақ санкцияларын» енгізуге бет бұрды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

УАШИНГТОН. 11 шілде. Америкалық сенаторлар тобы Дональд Трамп әкімшілігімен Ресейге қарсы «тозақ санкцияларын» жасайтын заң жобасына келіскенін жариялады. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Құжат АҚШ президентіне Ресейден мұнай, газ және уран сатып алуды жалғастыратын елдердің импортына 500 пайыздық баж салуға, сондай-ақ Мәскеуге қолданыстағы шектеулерді айналып өтуге көмектесетін компаниялар мен мемлекеттерге қайталама санкциялар қолдануға өкілеттік береді.

«Біз Трамп әкімшілігімен Ресейге қарсы санкциялар туралы жаңартылған заңнаманы ілгерілету туралы келісімге келгенімізді мақтанышпен хабарлаймыз. Біз бұл маңызды прогреске өте қуаныштымыз және заң жақын арада қабылданады деп күтеміз», – делінген сенаттың халықаралық қатынастар комитетінің сайтында жарияланған сенаторлардың бірлескен мәлімдемесінде.

Киевтегі брифингте сөйлеген сөзінде заң жобасының авторларының бірі, республикалық сенатор Линдси Грэм Ақ үймен жасалған келісімдер құжатты қабылдауға жол ашады деп мәлімдеді.

Грэмнің айтуынша, жаңа санкциялар Украинаның Әуе қорғанысы жүйесін күшейтумен бірге Владимир Путинді келіссөздер үстеліне отыруға мәжбүр етуі мүмкін.

«Мен бұл соғысты тоқтату формуласы бар екеніне ешқашан дәл бүгінгідей оптимист болған емеспін», – деп атап өтті сенатор.

Авторлар екі жылға жуық дайындаған құжат бұрын 100 сенатордың 85-сінен қолдау алған. Алайда Мәскеумен ықтимал келіссөздерде маневр жасауға кеңістік қалдыруға ұмтылған Ақ үйдің өтініші бойынша ол іс жүзінде тоқтатылған болатын. Трамп әкімшілігі сондай-ақ президент өз бетінше санкция енгізер кезде керек болады деген уәжбен жекелеген сөз сұрыптарын жеңілдетуге де қол жеткізді.

Таңбалар: АҚШ әкімшілігіконгрессРесейсанкция

Ұқсас мақалалар

АҚШ Сенаты Ресейге қарсы «тозақы санкциялар» жайлы заңды өткізді
Дәулет

АҚШ Сенаты Ресейге қарсы «тозақы санкциялар» жайлы заңды өткізді

09.08.2026
РФ СІМ отандастарын ұзақ уақыттық соғысқа дайын болуға шақырды
Жаңалықтар

РФ СІМ отандастарын ұзақ уақыттық соғысқа дайын болуға шақырды

08.08.2026
Ресей енді қарақшылық үшін сотталғандарды да контрактімен әскерге ала береді
Жаңалықтар

Ресей енді қарақшылық үшін сотталғандарды да контрактімен әскерге ала береді

05.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Кабинеттен кеңістікке шыққан үлгілі Үкімет

    Кабинеттен кеңістікке шыққан үлгілі Үкімет

  • Медицинада кездейсоқ адамдарға орын болмауға тиіс

  • Қазақстандық белгілі кинорежиссер Ардақ Әмірқұлов өмірден өтті

  • Англияда Хаби Алонсоның Дастан Сәтбаев жөніндегі көзқарасы білдірілді

  • Қазалыда «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты мәжіліс мәселе талқылады

  • Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбе теміржол вокзалында жүріп жатқан жұмыстармен танысты

  • «Бекарыс-Агрофуд» ЖШС асыл тұқымды мал өсірумен айналысады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 466.08 ₸
EUR EUR 538.56 ₸
RUB RUB 5.65 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist