25 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алматыдан қазақ тілін қорлаушы тағы бір «пиғылы жат жан» шықты

21 Маусым 2026 17:58
- Әлеумет, Жаңалықтар
Алматыдан қазақ тілін қорлаушы тағы бір «пиғылы жат жан» шықты

Screenshot

Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 21 маусым. Алматыдағы Small сауда желісі супермаркеттерінің бірінде орын алған жанжалдың шуы басылмай жатып, қазақ тілін ашықтан ашық қорлаған тағы бір мәгас табыла кетті. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Бірінші оқиғаның қорытындысы бойынша айыпты деп танылған Галина Лесс деген 64 жастағы алматылық әйел бір күннен кейін-ақ сот үкімімен 85 500 теңге көлеміндегі айыппұл төлеу жазасын арқалады. Алайда сол күні-ақ «эфирден» көрінген азамат «қылышын қынабынан суырып алып», қазақ тіліне қарай аттандай шабуылдап шықты. Сірә, әлгі оқиғадан кейін өзінің бейтаныс мұраттасына жақтасқысы келген болуы керек.

Әлеуметтік желіде өзін Валерий Мищенко және украин миллетінің өкілі ретінде жазып көрсеткен бұл бозым арнауын нақты бір адамға туралай бағыттаған сияқты.

«Есіңде сақта, биоқоқыс, бұл сен, өзіңнің туған Қазақстаныңда тұрып, көпшілікпен, соның ішінде менімен де, мемлекет белгілеп берген тілде ғана тілдесуге міндеттісің. Бұл жерде біз екеуміз тең жағдайдамыз – мен де сенімен өзімнің туған тілім – украин тілінде сөйлесе алмаймын. Орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал қазақ тілімен тек ауылда ғана, – онда да егер картадан оларды таба алсаң, – қатынас жасайсың. Ал ескі Конституцияның 7-бабының 3-тармағы мен жаңаның 9-бабын өз ауылыңда 5 рет оқып шығуға кеңес беремін. Сонда басыңа бірдеңе жететін шығар», – дейді «екі дүние – бір қадам» болып, екіленіп алған @valeriy michshenko.

Әлбетте, әлеуметтік желі бірден бұған реакция білдірді. Блогерлердің біразы Алматыдағы халықаралық институт шахмат үйірмесінің жетекшісі болып істейтін Валерий Мищенконы жұмысынан босатып, өзін қылмысты жауапкершілікке тартуды ұсынды.

Мұның да жауабы көп күттірген жоқ. Белгілі блогер, қазақ тілінің жанашыры Жұлдызай Форт бүгін: «Қазақтар, сүйінші! Біз жеңдік. Кеше мен әлдеқандай мәңгүрт шахматшының бір қазақты «биоқоқыс» деп атап қорлағанын, Қазақстандағы қазақтардың барлық қазақ еместермен орыс тілінде сөйлесуге тиіс екенін, ал қазақша тек ауылда ғана сөйлесуге болатынын жазғанын атап көрсетіп едім… Мен оның жазбасын Тредстен көріп, құқық қорғау органдарына тегтеп жібердім, сосын ол туралы Youtube пен ФБ-да пост орналастырдым. Ал бүгін осы биоқоқыс мәңгүртті Алматы халықаралық шахмат мектебінің жұмыстан шығарып жібергенін естідім, ол бүгін полициядан шақырту алып, өз сөздеріне түсініктеме беріп жатыр», – деп хабарлады.

Бірақ бұдан айылын жия қойған шахматшы көрінбейді. Ол өзінің соңғы жолдауында былай деп жазыпты: «Иә, отандастар, сендер дегендеріңе жеттіңдер! Мектеп менімен жұмыс істесуін тоқтатты, мені соттың тергеуі күтіп тұр, ал мен өзім кешірім сұрап та үлгердім! Маған ел риза болуға тиіс деп ойлаймын! Мен өзімнің кешірім сұраған жазбама берілген комменттерді оқып шықтым. Іштерінде дұрыстары да бар, мен бұл кісілерге разымын. Ашулылары да кездеседі. Қазір полицияның алдында өз әрекетіме түсініктеме беріп отырмын. Мен өзімді қуғын-сүргінег түсіруді тоқтату керек деп ойлаймын. Мен айтарлықтай жаза алдым». Міне, оның кешірім сұраған түрі осы.

Таңбалар: Валерий Мищенкоқазақ тілішабуыл

Ұқсас мақалалар

Әскерилер күзде Мәскеуге 2 мың дрон шабуыл жасайтынын айтты
Жаңалықтар

Әскерилер күзде Мәскеуге 2 мың дрон шабуыл жасайтынын айтты

21.08.2026
Бабаларымыз сөйлеген тілді мансұқ ету – барып тұрған надандық
Жаңалықтар

Бабаларымыз сөйлеген тілді мансұқ ету – барып тұрған надандық

18.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist