11 Қазан, 05:10
RAST.kz
USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады

8 Қыркүйек 2026 21:25
- Әлеумет, Жаңалықтар
Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 8 қыркүйек. Алматы дәрігерлері жаңа туған шарананың денесінен екі келі тартатын ірі ісікті алып тастау отасын жасады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Оқиға тамыздың 18-інде перзентханада салмағы төрт келіден асатын қыз баланың өмірге келуінен басталады. Туған бойда оның сегізкөз-құйымшағы тұсында үлкен түзіліс бар екені байқалады.

Осылайша нәресте өмірге келген алғашқы сәттен бастап өмір үшін күрес басталды.

Туа біткен мұндай түзіліс нәресте туған кезде қатерлі ісік болып саналмаса да, өмірінің алғашқы алты айында қатерлі ісікке айналуы әбден мүмкін еді. Сондықтан мұндай түзілісі бар нәрестеге отаны созбалаңға салмай жасау қажет.

Бала туғаннан кейін бірнеше сағат ішінде неонаталдық реаниматологтар мен хирургтерден құралған топ перзентханаға барып, нәрестені Алматыдағы балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізді. Қыз бала жаңа туған нәрестелер реанимациясы бөліміне жатқызылып, күрделі отаға дайындық қолға алынды.

Дәрігерлер келесі күні ісікті алып тастайды.

«Сегізкөз-құйымшақ аймағында орналасқан тератоманың құрамында сүйек, жұмсақ тіндер және кистозды қуыс секілді түрлі тін бар. Бұл тәжірибеміздегі ең күрделі отаның бірі болды. Ісіктің салмағы екі келі болды, яғни нәрестенің өз салмағымен бірдей деуге болады. Қыздың туған кездегі салмағы төрт келі еді, демек, оның тең жартысын ісік құраған. Ота сәтті өтті. Ісікті алып тастағаннан кейін бірден пластика жасадық. Тігіс орны білінбейтіндей етіп қалпына келтірілді. Болашақта бұл нәрестеге ешқандай қолайсыздық тудырмайды. Қазір баланың жағдайы жақсы, ол үйіне шыққалы жатыр», – деді балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы бөлімшесінің меңгерушісі Саматбек Мырзахмет.

Отаны хирург Саматбек Мырзахмет, ассистент Бегалы Төребек, анестезиолог-реаниматолог Ұлықпан Әлсейітов жасады. Нәрестені дәрігерлер Айжан Сексенбаева мен Едгор Сайдакбаров емдеді.

Операция екі сағаттан астам уақытқа созылды. Хирургтер мен реаниматологтардың аса мұқият әрі дәл жұмысының арқасында нәресте салмағы екі келі болатын алып ісіктен арылды.

Тератома нәрестенің ана құрсағындағы кезінде қалыптасқан. Ол жүктіліктің 20-аптасында жүргізілген скрининг кезінде анықталған. Ата-анасы жүктілікті сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Бірнеше рет дәрігерлер кеңесіне қатысып, балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының хирургтерінен кеңес алады. Дәрігерлер жүктілік бойы ана мен баланың денсаулығын мұқият бақылап отырған.

Таңбалар: Алматыісікоташарана

Ұқсас мақалалар

Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты

08.10.2026
Алматыда Президенттің қатысуымен өткен форум бір минуттік үнсіздікпен басталды
Әлеумет

Алматыда Президенттің қатысуымен өткен форум бір минуттік үнсіздікпен басталды

25.09.2026
Алматының Медеу таулы қыратында жаңа туристік нысан пайдалануға берілді
Аймақ

Алматының Медеу таулы қыратында жаңа туристік нысан пайдалануға берілді

23.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

    Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді

  • Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

  • Қазақстан Ресейдің Иркутск облысындағы ахуалды бақылауында ұстайды

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist