26 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әкімшілік құқық бұзушылыққа енгізілген өзгерістерге түсіндірме берілді

9 Сәуір 2021 14:19
- Жаңалықтар, Құқық
Әкімшілік құқық бұзушылыққа енгізілген өзгерістерге түсіндірме берілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

НҰР-СҰЛТАН. 9 сәуір. Елордада Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске енгізілген өзгерістерге түсіндірме берілді. Бұл туралы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов пен департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Марат Хайруллин Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске енгізілген әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретін бекітетін өзгерістер туралы айтып берді», – делінген хабарламада.

Эфир барысында Бақытжан Ниязов биылғы 20 наурызда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойғанын айтты.

Агенттіктің тиісті функциясы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Ережеде де көзделген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 15 бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру құқығы берілген.

Олардың ішінде алты сыбайлас жемқорлықпен байланысты (ӘҚБтК-нің 676-681-бабы), екеуі-кәсіпкерлік қызмет саласында (ӘҚБтК-нің 154, 173-баптары), жеті құқық бұзушылық мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын және әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізу кезіндегі бұзушылықтарға байланысты (ӘҚБтК-нің 658-662, 665, 667-баптары).

Марат Хайруллин әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы мен салдары туралы ақпаратпен бөлісті. Атап айтқанда, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке өзі немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер не оларды ұсынған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, 600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  айыппұл көзделген.

Айта кету керек, бүгінгі күні 1 айлық есептік көрсеткіш 2 917 теңгені құрайды.

Мәселен, «егер алынған заңсыз сыйақының немесе сыйлықтың сомасы 2 айлық есептік көрсеткіштен аспаса, бұл бүгінгі күні 5 834 теңге, алдын ала уағдаластық болмаса не сыйақыны қорқытып алушылық болмаса, онда мұндай құқық бұзушылық қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды және әкімшілік тәртіппен жазаланады».

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақыларды, сыйлықтарды немесе жеңілдіктерді заңсыз бергені үшін жеке тұлғаларға ӘҚБтК-нің  676-бабында көзделген 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл түріндегі жаза қарастырылған.

Бұл ретте, егер мұндай сыйақы немесе сыйлық заңды тұлға тарапынан болса, онда мұндай әрекет ӘҚБтК-нің 678-бабы бойынша сараланады және мұнда айыппұл 700 АЕК-ке дейін құрайды.

Мұндай құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда заңды тұлға екі есе – 1500 АЕК төлейді.

Сыйлықтар аясында заңнамада қазір оларды сыйға тартуға және алуға толық тыйым салынғанын тағы бір рет еске салу керек. Мұндай норма 2020 жылдың соңында енгізілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мемлекеттік органдар басшыларының және өзге де лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігін көздейтін Кодекстің 680-бабы маңызды, жоғарыда көрсетілген лауазымды адамдарға көрсетілген іс-әрекеттер үшін айыппұл 100 АЕК құрайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамау деп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген бірқатар талаптар түсініледі. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау, мүдделер қақтығысын болдырмау, қаржылық бақылау шаралары, басшылардың тікелей қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі мәселелері.

Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған адамдарды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектордың басшысы өз қалтасынан 100 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Бұл жағдайда сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа орналастыруға тыйым салу туралы талап бұрын тек мемлекеттік қызметке және квазимемлекеттік сектордың басшы лауазымдарына қатысты болғанын атап өткен жөн. Енді, ағымдағы жылдың басынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген түзетулермен сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдарды квазимемлекеттік сектордың кез келген лауазымына қабылдауға толық тыйым салынды.

 

Тікелей эфирге сілтеме:

https://www.facebook.com/100024377880922/videos/908346243321297/

 

Таңбалар: әкімшілік құқықелордаөзгерістер

Ұқсас мақалалар

Алматы облысында бірнеше ауылдың атаулары өзгерді
Аймақ

Алматы облысында бірнеше ауылдың атаулары өзгерді

24.02.2024
Зеленьский жемқорлық дауынан соң төрт тұлғаны қызметтен алды
Жаңалықтар

Зеленьский жемқорлық дауынан соң төрт тұлғаны қызметтен алды

24.01.2023
Елордада комплаенс қызметінің жұмыс қорытындысы талқыланды
Жаңалықтар

Елордада комплаенс қызметінің жұмыс қорытындысы талқыланды

15.10.2021
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist