Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика
Ресейде заңсыз тұрып жатқан армяндар елден шығарылады (видео)
МӘСКЕУ. 1 мамыр. Ресейде осы кездері заңсыз тұрып жатқан армяндар елден шығарылады. Бұл туралы «Baku TV» телеарнасы хабарлады.
«Ресейде заңсыз тұрып жатқан армяндар 15 маусымға дейін елден кетулері тиіс. Олай болмаған жағдайда олардың бәрі депортация тәртібімен елден шығарылады», – делінген хабарламада.
Ресми мәліметтерге қарағанда, қазір Ресей территориясында Арменияның 61 мың азаматы заңсыз тұрып жатыр. Алайда, зерттеушілер бұл цифрдың шындыққа сәйкес келмейтінін айтады. Мұны Армения көш-қон қызметі де растап отыр. Оның болжамынша, Ресей аумағында тұратын Айастан азаматтарының саны кем дегенде 180 мың болады.
Ресей тарапы мұны қылмыстың алдын алу үшін жасалып жатқанымен байланыстырады.