АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қызылорда облысында соңғы екі тәулікте 140 адам ковид жұқтырды

ҚЫЗЫЛОРДА. 16 сәуір. Қызылорда облысында соңғы екі тәулік ішінде коронавирус инфекциясын 140 адамның жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.

Елде соңғы апталарда коронавирус індетінің тарауы қатты күшейіп тұр. Оның мөлшері тәулік сайын 2 мыңнан түсер емес.

Қазақстанда 14 сәуір күні 2 641 адам індетке тап болды. Ол аймақтар бойынша былайша бөлінді: Алматы қаласы – 657, Астана қаласы – 650, Алматы облысы – 220, Қарағанды облысы – 202, Батыс Қазақстан облысы – 117, Атырау облысы – 113, Шымкент қаласы – 111, Ақтөбе облысы – 109, Шығыс Қазақстан облысы – 95, Ақмола облысы – 85, Қызылорда облысы – 65, Маңғыстау облысы – 52, Павлодар облысы – 45, Жамбыл облысы – 38, Қостанай облысы – 28, Түркістан облысы – 28, Солтүстік Қазақстан облысы – 26.

Ал кеше түнде ауырғандар саны 2 356 болды. Ол аймақтар бойынша былай бөлінді: Алматы қаласы – 673, Астана қаласы – 601, Алматы облысы – 232, Қарағанды облысы – 201, Ақтөбе облысы – 120, Шымкент қаласы – 119, Атырау облысы – 117, Батыс Қазақстан облысы – 112, Шығыс Қазақстан облысы – 106, Ақмола облысы – 90, Қызылорда облысы – 75, Павлодар облысы – 43, Солтүстік Қазақстан облысы – 42, Жамбыл облысы – 40, Маңғыстау облысы – 35, Қостанай облысы – 28, Түркістан облысы – 22.

Осы кезге дейін бүкіл елде 281 351 адам ковидпен ауырды. Олар аймақтар арасында мынадай бөлініске түседі: Алматы қаласы – 44 229, Астана қаласы – 38 043, Шығыс Қазақстан облысы – 23 598, Атырау облысы – 20 339, Қарағанды облысы – 20 104, Павлодар облысы – 19 709,  Алматы облысы – 17 813, Батыс Қазақстан облысы – 16 842, Ақмола облысы – 16 571, Қостанай облысы – 14 307, Солтүстік Қазақстан облысы – 13 491, Шымкент қаласы – 7 934, Ақтөбе облысы – 7 123,  Жамбыл облысы – 6 957,  Маңғыстау облысы – 4 853, Түркістан облысы – 4 808, Қызылорда облысы – 4 630.

Қазірге дейін коронавирус инфекциясынан – 3 333, пневмониядан 742 адам қайтыс болды.

Өкінішке орай, сайт қазіргі кездері бұл көрсеткіштерді бұрынғыдай аймақтар бойынша бөліп көрсетпейді. Мұның қандай саясат екенін біз де түсіне алмай, дал болып отырмыз. Әлде бұл Цойдың өзіндік қулығы ма?

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button