Мәскеуде астыртын «Киргиз-таун» ұйымы жұмыс істейді
МӘСКЕУ. 9 сәуір. Ресей президенті жанындағы кеңестің президиум мүшесі Мәскеуде жабық және жартылай астыртын жағдайда жұмыс істейтін «Киргиз-таун» қылмыстық ұйымы бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы K-News хабарлады.
Президиум мүшесі, «Ресейдегі украиналықтар» басқармасының төрағасы Богдан Беспалько ФАН-ға берген сұхбатында осының жайын қозғап өтті. Ол мұны Ресейдегі қырғыз қауымдастығы жетекшісінің бұдан бұрын Мәскеуде бұған ұқсас ешқандай қырғыз ұйымы жоқ деген мәлімдемесіне жауап ретінзе жеткізді.
Беспалько өз сөзінің айғағы ретінде БАҚ-тар мен ашық интернет-мәнбелерді ұдайы қарап тұруды, сондай-ақ құқық қорғау органдарының есептерімен үзбей танысып отыруды ұсынды.
«Мен қырғыз диаспорасы өкілдерінің нендей себеппен мұндай параллель құрылымның бар екенін мойындағылары келмейтіндерін білмеймін. Соған қарамастан, ондай ұйым бар. Мен Киргиз-таунның әзірге бейбіт саясат ұстап келе жатқанын да ылғи айтып жүрмін. Мұндай құрылым бар екенін РФ Ішкі істер министрлігі де мойындап отыр», – деді ол агенттік тілшісіне.
Беспальконың айтуынша, Киргиз-таун құрылымы Кремльде қалада кафе, еңбекке орналастыру биржасы және спорт клубтары секілді нысандарды бақылайды. Бұлардың арасында жекпе-жек шайқас секілді спорт сайыстарын дайындайтын клубтар да бар.