Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионаты Ташкентте өтеді

ТАШКЕНТ. 3 сәуір. Бокстан ересектер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионаты Ташкент қаласында өтеді. Бұл туралы CentralAsia.uz хабарлады.

Республика Дене тәрбиесі және спорт министрлігі өкілінің хабарлауынша, осыншалықты маңызды халықаралық турнир Өзбекстанда ғана емес, күллі Орталық Азия елдерінде бірінші рет өткелі тұр. Бірақ мұны айтып отырған маман мұндай чемпионаттың 2013 жылғы қазан айында Алматыда өткенін білмейтін болып шықты.

Өзбекстанда бұл форматтағы жарыстың бұдан алдын өтпегені рас.

Әзірге әлем чемпионатының өтетін айы мен күндері әлі атап көрсетілген жоқ.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button