Ресейде сот 6 жасар қызды соттамақшы
НОВОСІБІР. 3 сәуір. Ресейдің Новосібір облысында сот анасының қарыздарын артында қалған 6 жасар қызынан өндіріп алуға әрекет жасап жатыр. Бұл туралы Ura.ru хабарлады.
Новосібір облысындағы «Сибирская тепло-энергетическая компания» акционерлік қоғамы жақында бақилық болған анасының соңында қалған 6 жасар қызын сотқа берді. Марқұм тұмаудың асқынып кетуінен қайтыс болған.
Осыдан кейін аталмыш компания марқұмның тіршілігіндегі қарызын өндіріп алмақшы болып әйелдің анасын, бұрынғы күйеуі мен қызын сотқа берген. Сонда 6 жасар қыздың мойнына жылу үшін 26 мың рубль ілінген.
Сотта алты жасар қыздың мүддесін бір жақын ағасы қорғамақшы. Себебі, отбасында адвокат жалдайтындай қаржы жоқ. Осыған байланысты бұл кісі баланың тағдырына араласуды сұрап, балалар омбусменді пен аудан прокурорына шыққан. Бірақ осы кезге дейін олардан жауап болмапты.
Бұған қосатынымыз, компания сотқа арызды 2021 жылғы қаңтардың ортасында берген. Ал судья жауапкердің кішкентай қыз бала екенін көріп, қатты таң қалған.
Кеше, аталмыш іс бойынша соттың кезекті отырысы болып өтті.