Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Атырауда бір үйден төрт адамның мәйіті табылды

АТЫРАУ. 7 наурыз. Атырау облысында бір күнде бір үйден төрт адамның өлі денелері шықты. Бұл туралы «Ақ Жайық» хабарлады.

Қайғылы оқиға облыстың Махамбет ауданындағы «Ақтоғай» ауылында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 1974, 1991 жылы туған ер адамдардың, 1977 жылғы әйел мен 2016 жылы туған қыздың денесі табылғанын баяндады.

Қазіргі таңда төтенше жағдайлар бөлімінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша иіс тиіп уланған.

Еске сала кетсек, 19 ақпанда Жамбыл облысындағы Жаңатаста 3-қабаттағы пәтерде өрт шығып бес бала көз жұмған болатын. 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған екі ұл мен үш қыз ересектер қарауынсыз қалған.

Өрт салдарынан балалар иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілді. Алайда, аман алып қалу мүмкін болмады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button