17 Қазан, 21:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру қажет

25 Ақпан 2021 22:11
- Жаңалықтар, Қайнар
Жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру қажет
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

НҰР-АСТАНА. 25 ақпан. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті елорда жоғары оқу орындары мен колледждері жанындағы жастар ісі жөніндегі комитеттердің басшыларының қатысуымен арнайы семинар өткізді. Бұл туралы  департамент баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Іс-шара «Саналы ұрпақ» жобасының аясында ұйымдастырылды. Онда студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қалыптастыру, парасаттылық идеологиясын ілгерілету мақсаты көзделді. Кездесу барысында сондай-ақ жатақханалар мониторингінің нәтижелері талқыланып, ұсыныстар берілді.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов, «Нұр Отан» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиялының «Jas Otan» жастар қанаты төрағасының орынбасары, елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы арнайы мониторингтік топтың мүшесі Арсланбек Мағзұм қатысты.

Іс- шараның модераторы Нұр-Сұлтан қаласы «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы, «Астана – адалдық алаңы» жобасының менеджері Бақдәулет Жанділдаев болды.

Кездесуде Бақытжан Ниязов білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Атап айтқанда, барлық жоғары оқу орындары мен колледждерде «Саналы ұрпақ» студенттік клубтары жұмыс істейді, олардың негізгі мақсаты білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою, жалпы білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.

Спикер жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін тәрбиелеу қазақстанның стратегиялық дамуының негізгі бағыты болып табылатынын атап өтті.

Бақытжан Ниязов студенттерді парасаттылық және адалдық қағидаттарын ұстануға және жас ұрпақты кез келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, парасаттылық қағидаттарын насихаттау жөніндегі жұмысқа белсенді тарту бойынша жұмыс жүргізуге шақырды. 1424 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығының жұмыс істеуі туралы ақпарат берілді, ол бойынша әрбір адам консультация ала алады және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлай алады.

Іс -шара соңында жоғары оқу орындары мен колледждердің жатақханаларына жүргізілген мониторинг қорытындылары айтылды.

Арсланбек Мағзұм атап өткендей, мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі, оның мақсаты жатақханалар аумағында бөгде адамдардың тұру мүмкіндігін болдырмау және қоныстандыру рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

Мониторингпен 23 жатақхана, оның ішінде 11 жоғары оқу орны мен 12 колледж қамтылды.

Жатақханаға орналасуға өтінімдерді қабылдау онлайн режимде өтеді. Жұқтырудың алдын алу үшін әрбір жатақханада қолды өңдеуге арналған дезинфекциялаушы құралдар орнатылады, бетперде режимін қатаң сақтауда орын алады. Сондай-ақ, кейбір жатақханаларда сыртқы киімдерді өңдеу үшін дезинфекциялық туннельдер орнатылады. Сонымен қатар, әр жатақханада білім беру ресурстарына қол жеткізуге арналған жоғары жылдамдықты интернет бар.

Алайда, бірқатар оқу орындарының студенттерге арналған өз жатақханалары жоқ.

Осыған байланысты, «Нұр Отан» партиясының сайлау алды компаниясы бойынша елордада 2025 жылға дейін 10 мың студент үшін жатақхана салу жоспарланып отыр, бұл студенттер үшін орын тапшылығын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Мысалы, «Астана» медициналық университетінде осы бағдарлама аясында 1500-ден астам студентке арналған жаңа жатақхана салуды жоспарлап отыр.

 

Таңбалар: Астанажемқорлықстуденттер

Ұқсас мақалалар

Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері
Аймақ

Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері

15.09.2026
Астана аумағында – Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдері
Дәулет

Астана аумағында – Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдері

15.09.2026
«Creative Aimaq»: Қызылорданың креативті кеңістігі Астана төрінде
Әлеумет

«Creative Aimaq»: Қызылорданың креативті кеңістігі Астана төрінде

12.09.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist