Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Фитосанитария қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізілді

НҰР-СҰЛТАН. 23 ақпан. Кеше  #ANTIKOR.LIVE жобасы аясында елордадағы агроөнеркәсіптік кешендегі аумақтық инспекция басшысының міндетін атқарушы Сымбат Қалиасқаров пен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов елорда аумағында фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы онлайн диалог өткізді. Бұл туралы департамент баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Эфир барысында Сымбат Қалиасқаров елордадағы қолайлы фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз ету әкелінетін импорттық карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық талаптарын сақтауды, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау кезінде тұрақты мониторингті қамтитынын айтты.

Карантиндік нысандар мен аса қауіпті зиянкестердің кеңінен таралуы ауыл шаруашылығына үлкен залал келтіруі мүмкін екені баршаға мәлім. 2020 жылы өсімдіктер карантині саласында 199 бұзушылық анықталды. Оның ішінде 189 – облысаралық тасымалдарда,9 – импорттық өнімде және 1 жағдай өсімдіктерді қорғау саласында. Анықталған фактілер бойынша карантинге жатқызылған өнім иелеріне қатысты әкімшілік іс-қозғалып, 11 млн. теңгеден астам айыппұл салынды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бері 18 бұзушылық фактісі анықталды. Оның 13-і облысаралық тасымалдау кезінде, 5-і өнім импорты кезінде. Анықталған фактілер бойынша әкімшілік істер қозғалды, 816 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Сымбат Қалиасқаров осы саладағы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды жою бойынша жоспарланған іс-шаралар туралы айтып берді, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

Сондай-ақ, спикер ашықтық мақсатында инспекция басшылығы «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ қалалық филиалымен бірлесіп, апта сайын әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізетінін айтты.

Сонымен қатар, эфир барысында ол әлеуметтік желі пайдаланушыларына инспекцияда жеке компьютері және интернеті, картридер (жеке куәліктен электрондық қолтаңбаны оқиды), сондай-ақ жаңартылған ақпараттық стендтері, теледидары бар қызмет алушылар үшін өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы ашылғанын хабарлады, ол порталда сертификат алуға өтінімді жолдаудың қадамдық нұсқаулығын көрсетеді www.egov.kz.

Өз кезегінде Бақытжан Ниязов мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қадамдық нұсқаулықпен ақпараттық бейнероликтер дайындау туралы мәселені пысықтау ұсынылды.

 

Тікелей эфир сілтеме:

https://www.facebook.com/100024377880922/videos/880441006111821/

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button