Австралияда мысық жас балаларды улы жыланнан құтқарды
КАНБЕРРА. 17 ақпан. Австралияда мысық екі кішкентай баланы осы құрлықтағы ең улы жыландардың бірінен құтқарып қалды. Бұл туралы News.am хабарлады.
Өкінішке орай, осы айқас кезінде алған уы салдарынан жануардың өзі де өліп кеткен. Ал бұқаралық ақпарат құралдарында балаларға жақындап келіп қалған улы жыланың алдынан шығып, онымен теңдессіз шайқас өткізіп, қайтыс болған мысықты «төрт аяқты батыр» деп атады.
Артур есімді қысқа шашты мысықтың оқиғасын Facebook-те жануарларға жедел жәрдем қызметі баяндап берген. Мысық ауладағы екі кішкентай баланы бақылап отырады. Сол кезде бір үлкен қоңыр жылан оларға жақындап келе жатады. Кейін оны Australian Geographic журналы елдегі ең улы 10 жыланның бірі деп атады. .
«Артур жас отбасын қорғау жолындағы шайқаста жыланды өлтіріп тастады. Өкінішке орай, жекпе-жекте алған уы оның өзіне де өлім әкелді», – деп жазды басылым.