ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Астанада дәріханаларға мақсатты рейдтер жүргізілді

АСТАНА. 10 ақпан. Ел байтағында «Астана – адалдық алаңы» жобасының шеңберінде қалалық дәріханаларға сапарлар жүргізілді. Бұл туралы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Хабарламада «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында елорда дәріханаларында коронавирус инфекциясымен күрес барысындағы дәрі-дәрмектер бағасына және олардың қол жетімділігіне мониторинг жүргізілгені айтылған.

Елордада биылғы жылдың басынан бастап қаланың әр бөлігінде орналасқан 20 дәріханаға шығу ұйымдастырылды. Жүргізілген жұмыстар нәтижелері бойынша бірқатар дәрі-дәрмектердің жоқтығы анықталды. Мысалы, Есіл ауданында коронавирус инфекциясымен күреске керекті дәрі-дәрмектердің бекітілген тізбесіне сәйкес, 6 дәріханада «Гепарин» (ерітінді), «Цефтриаксон» (1000 мг) жоқтығы белгілі болды. Осындай жағдай Байқоңыр және Алматы аудандарында да байқалды.

Сонымен қатар, барлық дәріханаларда дәрі-дәрмектердің шекті бағалары көрсетілген QR-кодтарымен жадынамалар бар екенін ескеру қажет.

Осыған орай департамент елорда тұрғындарына мынадай үндеу жариялап отыр:

«Құрметті елорда тұрғындары! Егер сіз дәрі-дәрмектерге бағаны негізсіз көтеріп жіберу фактілеріне тап болсаңыздар, «Астана – адалдық алаңы» жобасының +7 775 160 5532 WhatsApp-қа  нөміріне хабарлаңыздар».

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button