Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Биыл Қызылордада 4 ірі жоба іске қосылады

ҚЫЗЫЛОРДА. 26 қаңтар. Қызылорда облысында биыл 4 ірі өндірістік жобаның іске қосылатыны белгілі болды. Бұл туралы облыстық іші саясат басқармасының дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

«Сыр өңірінде ірі өндіріс орындары саналатын фабрика мен зауыттар биыл пайдаланылуға беріледі. Құны 48,5 млрд теңгені құрайтын 4 жоба іске қосылады деп жоспарланып отыр», – делінген басқарма хабарламасында.

Хабарламада олардың қатарында Қызылорда қаласындағы шыны зауыты, Қармақшы ауданындағы құс өндіру фабрикасы, Арал ауданында тұз өндіру және түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару зауыттары бар екені айтылған.

Бүгінде Арал ауданындағы аталған жобалардың құрылыс жұмыстары 70-80 пайызға аяқталған. Екі жобаның жалпы құны 4,4 млрд.теңгені құрайды.

Облыста биыл сондай-ақ 3 зауыттың құрылысы басталады. Соның ішінде «Шалқия» полиметалл кен байыту фабрикасы, калцийленген сода зауыты мен шағын арматура зауыты қолға алынады. Сол сияқты құрылысы өткен жылы бастау алған ет комбинатының салу жобасы жалғасын табады.

Ерекше айтатын жәйт, Қызылорда өңірінде индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған 37 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде 7 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button