Жылан жеген сиырды көрген кім бар?
КАНБЕРРА. 13 қараша. Австралияның терістігіндегі тас жолдың бойында жуандығы білектей жыланды шайнап жеп тұрған сиыр кезіккен. Бұл туралы жергілікті БАҚ-тар жазған мәліметтерге сүйенген rast.kz хабарлады.
Тоңазытқыш қондырғысының механигі Эндрю Герц елсіздегі Сандовер тасжолының үстінде көлігімен кетіп бара жатып, жолдың жиегінде үлкен жыланды құйрығынан бастап шайнаңдап жеп тұрған бір сиырды көріп қалады.
Сосын Герц машинасын тоқтатып, жақындап келгенде, сиырдың аузынан өліп қалған құм питонын көреді. Эндрю сол сәтте осы көріністі фотоаппаратымен түсіріп алады.
Белгілі болғандай, Зеңгі баба әулеті көп жағдайда жалғыз шөпті ғана емес, одан басқа түрлі қоқыстарды, шүберек пен қағазды жей береді. Алайда, оның жылан жегенін бұған дейін естіген ешкім жоқ.
Герцтің айтуынша, бұл уы жоқ жыланның қандай жолмен сиырға жем болғаны белгісіз. Сиырдың оны басып кетіп барып, жей бастауы да, өлім жатқан жерінен көріп, аузына салуы да мүмкін.
Австралияның Батыс Квинсленд штатында тұратын малшы әрі тарихшы-табиғат сынаушы Ангус Эммотт бұл жердегі ірі қара малдарының өліп қалған кенгурудың етін жегенін де айтады. «Алайда, мен ешуақытта сиырды шайнап тұрғанын көрген емеспін», – деді ол.