26 Тамыз, 22:08
RAST.kz
USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Көгілдір отынның» бағасы көңілден шықпайды

Қызылорда облысы «Ардагерлер дауысы» қоғамдық бірлестігінің Ашық хаты

30 Маусым 2021 22:35
- Дәулет, Жаңалықтар
«Көгілдір отынның» бағасы көңілден шықпайды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевқа

Көшірмелері:

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Ғ.Д.Нұрдаулетовке

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы А.К.Дарбаевқа

 

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Г.С.Өтегенованың 25.05.2021 жылғы хатына сәйкес, Қызылорда қаласында орналасқан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Қызылорда облысының газ тұтынушы халқын қамтамасыз ету үшін тауарлық газды газ таратушы және магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау қызметінің тарифі және тарифтік сметасын, мың текше метрге құн салығымен 20 902,93 теңге шекті баға белгілеген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің 11.09.2019 жылғы №17-НҚ бұйрығымен берілген, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы тауарлық газды газ таратушы және магистралдық газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі қызметін мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру функциясына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 22.11.2019 жылғы № 44-НҚ бұйрығымен аталған филиалдың тауарлық газды газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау қызметінің тарифі және тарифтік сметасы, қолданыстағы тарифі 34.6 пайызға төмендетіліп бекітілген және осы бұйрыққа сәйкес Қызылорда облысының газ тұтынушы халқы үшін газды бөлшек саудада өткізудің мың текше метрге құн салығымен 20 902,93 теңге шекті бағасы, 17 351,52 теңгеге дейін 17 пайызға төмендетілген.

06.02.2020 жылғы Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның 22.11.2019 жылғы аталған № 44-НҚ бұйрықтың күшін жою жөніндегі берген талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған және 04.06.2020 жылғы Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен сот шешімі күшінде қалдырылған.

05.10.2020 жылғы ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен аталған сот актілерін қайта қарау жөніндегі өтініші қараудан бас тартылған.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 22.11.2019 жылғы № 44-НҚ бұйрығы заңды күшінде.

Алайда, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы, 1 жыл 8 ай бойы негізсіз сылтаулар айтып және сот сатыларына берген шағымдарын негізге алып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 22.11.2019 жылғы №44-НҚ бұйрық талабын 2021 жылдың бүгінгі күніне дейін орындамаған.

Солай бола тұра, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы, 1 жыл 8 ай бойы 22.11.2019 жылға дейінгі қолданыста болған тауарлық газды газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау қызметінің тарифін пайдаланып, газ тұтынушы Қызылорда облысының халқының заңмен кепілдік берген құқықтары мен бостандықтарын бұзып, заңсыз жолмен тасымалдау қызметі үшін жүздеген миллион теңге артық ақша төлеткен және әлі де осы күнге дейін артық ақша төлетуді тоқтатпай отыр.

Құрметті Қазақстан Республикасының Президенті мырза!

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 22.11.2019 жылғы № 44-НҚ бұйрығын орындаудан бас тартып, Қызылорда облысының халқының заңмен кепілдік берген құқықтары мен бостандықтарын бұзуын тоқтатпай отыр.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 22.11.2019 жылғы №44-НҚ бұйрық талабын бүгінгі күнге дейін 1 жыл 8 ай бойы орындамай отырған заңсыз әрекеттері бойынша ықпалды шаралар қабылдау жөнінде Қызылорда облыстық прокуратурасына «Ардагерлер дауысы» қоғамдық бірлестігі атынан жазбаша хабарланды.

Алайда, Қызылорда облыстық прокуратурасы біздің хатымыз бойынша, Қызылорда облысының халқының заңмен кепілдік берген құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және аталған бұйрықтың орындалуына байланысты тиісті шара қабылдамай, құзіреті жоқ мекемелерге жолдаумен ғана шектеліп отыр.

Осыған орай, Сізден:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 22.11.2019 жылғы № 44-НҚ бұйрығын, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалына дереу және тез мәжбүрлеп орындатуға;

2) тұтынушылардың артық төлеген төлемақыларын кері қайтаруға ықпал жасауыңызды сұраймыз.

Құрметпен, «Ардагерлер дауысы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері:

Ж.Шарипов, И.Абибуллаев, Қ.Баймаханов,  Ө.Жүсіпов, Б.Маншарипов,  М.Бимурзаев, Н.Жолдасбаев.

 

Қосымша: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Г.С.Өтегенованың және облыстық прокуратураның хаттары қоса тіркелді.

Қызылорда қаласы, 29.06.2021 жыл

Таңбалар: Ардагерлер дауысыҚызылорда облысыпрезидент

Ұқсас мақалалар

Қызылорда облысының әкімі тұрғындарды жеке қабылдау өткізді
Әлеумет

Қызылорда облысының әкімі тұрғындарды жеке қабылдау өткізді

26.08.2026
Президент халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен жүздесті
Жаңалықтар

Президент халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен жүздесті

24.08.2026
Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді
Аймақ

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

23.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist