Министрге маскасыз жүргені үшін қызметтен кету ұсынылды
ПРАГА. 23 қазан. Чехияның денсаулық сақтау министрі ресторанда бетпердесіз жүргені үшін отставкаға жіберілгелі жатыр. Бұл туралы «Европейская правда» газеті хабарлады.
Елдің премьер-министрі Андрей Бабиш денсаулық сақтау министрі Роман Примулаға ресторанда тұмылдырықсыз жүруіне байланысты отставкаға кетуді ұсынды.
Бұдан алдын журналистер денсаулық сақтау министрінің Прагадағы ресторандардың біріне барғанын байқаған екен. Оның жанында премьердің ANO партиясы фракциясының өкілі Ярослав Фалитинек сияқты бір топ саяси элита мүшелері болған.
Ал бұл кезде карантин ережелеріне байланысты барлық ойын-сауық және көңіл көтеру мекемелерінің бәрі жабық болуға тиісті еді.
«Мені министр мен Фалитинектің онда не бітіріп жүргені толғандырмайды. Біз оларға су мен шарап ішуді насихаттай алмаймыз. Мен министр бір ауыз артық сөзсіз өнеге көрсетуі керек деп есептеймін», – деді премьер-министр.
Бабиш сондай-ақ Фалитинекке ANO.вице-президенті орынтағынан кетуге ұсыныс жасады.
Чехия заңына сәйкес, министрді премьердің ұсынысы бойынша президент лауазымынан босатады.