Ердоған: Әзербайжан Қарабақты қайтарғанша соғысуы керек
АНКАРА. 3 қазан. Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған Таулы Қарабақтағы соғыс Әзербайжан өз жерлерін толық қайтарғанға дейін жалғасуы керек екенін айтты. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
«Түркия президенті Тайип Ердоған әзербайжан армиясының Таулы Қарабақтағы шабуыл қимылдары жалғаса түсетініне үміт артатынын мәлімдеді», делінген хабарламада.
Таулы Қарабақтағы ұрыс әрекеттері 27 қыркүйек күні таң азанда басталды. Әуелі шекарадағы армян әскерлері қатарлас жатқан бірнеше әзербайжан кендтерін артиллериямен атқылады. Содан кейін әзербайжандар осы қырғи-қабақ басталғалы бірінші рет шабуылға шықты. Бірақ қарсы тарап оның бұл әрекетіне дайын отырған болып шықты.
Қазір Таулы Қарабақ аумағында қырғын соғыс жүріп жатыр. Екі жақтан да айтарлықтай шығындар бар. Соның ішінде шаһит кеткендер аз емес.
«Әзербайжан қазірдің өзінде біраз территорияны азат етіп үлгерді. Ол ұрыс қимылдарын одан әрі жалғастырып, Қарабақтағы өз жерлерін азат етеді деген үміттемін», – деді Түркия президенті Коньяда сөйлеген сөзінде.
Бұдан бұрын Армения Түркияны осы ұрыс қимылдарына қатысып отыр деп айыптаған еді. Бұған қоса, Сирия жалдамалыларын әкелді деген де кінә таққан болатын. Баку өз жағында тек қана Әзербайжан жауынгерлерінің соғысып жатқанын мәлімдеп, бұл ақпарды жоққа шығарды.
Өз кезегінде Анкара да осындай жауап қайтарды. Алайда, Түркия егер Әзербайжанға көмек керек болып жатса, ұрыс қимылдарына қосылып кететін ашып айтты.