Тәулікте Қызылорда облысында ғана вирус жұқтыру тіркелген жоқ
АСТАНА. 12 маусым. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 315 оқиғасы орын алып, оның жалпы саны 13 872-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Өткен тәулікте тағы да рекордқа жақын көрсеткіш тіркелді. Демек, әлі пандемияның «шарықтау шегінен» түсе алмай жүрміз.
Қарағандының қарқыны әлі де қатты. Ол бүгін тағы 52-ден қайтты. Астана мен Алматының да пәті қайтар емес. Шымкент пен Алматы облысы да үдетіп келеді.
Сонымен, өткен түнгі сағат 23:59-да есепке алынған 315 дерек қалалар мен аймақтар бойынша былай бөлінді:
Қарағанды облысы – 52, Астана қаласы – 50, Алматы қаласы – 48, Ақтөбе облысы – 48, Шымкент қаласы – 29, Алматы облысы – 20, Батыс Қазақстан облысы – 15, Атырау облысы – 14, Маңғыстау облысы – 11, Шығыс Қазақстан облысы – 9, Жамбыл облысы – 5, Түркістан облысы – 4, Солтүстік Қазақстан облысы – 4, Павлодар облысы – 2, Ақмола облысы – 2, Қостанай облысы – 1.
Өткен тәулікте тек Қызылорда облысында вирус жұқтыру оқиғасы тіркелмеді. Осының арқасында облыс екі саты кейін шегінді. Оның алдына Ақтөбе және Алматы облыстары түсіп кетті.
Есепті кезеңдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай:
- Алматы қаласы – 3005
- Астана қаласы – 2620
- Қарағанды облысы – 1342
- Атырау облысы – 1246
- Шымкент қаласы – 1051
- Батыс Қазақстан облысы – 893
- Ақтөбе облысы – 492
- Алматы облысы – 490
- Қызылорда облысы – 484
- Жамбыл облысы – 462
- Түркістан облысы – 420
- Маңғыстау облысы – 368
- Павлодар облысы – 298
- Шығыс Қазақстан облысы – 224
- Қостанай облысы – 210
- Ақмола облысы – 186
- Солтүстік Қазақстан облысы – 76.
Осы кезге дейін 8593 адам жазылып шығып, 67 адам қайтыс болды.
Аймақтар бойынша індеттен сауығып шыққандардың мәліметі:
- Алматы қаласы – 2008
- Астана қаласы – 1829
- Атырау облысы – 892
- Қарағанды облысы – 619
- Батыс Қазақстан облысы – 488
- Шымкент қаласы – 455
- Қызылорда облысы – 346
- Алматы облысы – 321
- Жамбыл облысы – 289
- Түркістан облысы – 267
- Ақтөбе облысы – 252
- Маңғыстау облысы – 204
- Павлодар облысы – 182
- Қостанай облысы – 155
- Ақмола облысы – 145
- Шығыс Қазақстан облысы – 93
- Солтүстік Қазақстан облысы – 48.
Аймақтар бойынша қайтыс болғандар мәліметі:
Астана қаласы – 14, Алматы қаласы – 10, Шымкент қаласы – 10, Павлодар облысы – 8, Қарағанды облысы – 7, Ақмола облысы – 4, Атырау облысы – 3, Түркістан облысы – 3, Батыс Қазақстан облысы – 3, Қостанай облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.